Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Облыс әкімі Қазығұрт ауданына жұмыс сапарымен барды
    Жаңалықтар

    Облыс әкімі Қазығұрт ауданына жұмыс сапарымен барды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа29.10.2015Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    28 қазан күні облыс әкімі Б.Атамқұлов Қазығұрт ауданына жұмыс сапарымен барып, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады. Ең алдымен, Қазығұрт ауданындағы 326 оқушы білім алатын Жамбыл Қаппаров атындағы №5 мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының тыныс-тіршілігімен танысты. Бұл оқу орнында білім беру қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Мектептің жанында 300 орындық жатақхана пайдалануға берілген. Мұнан соң, ол ауданда орналасқан жылыжайды аралады. Бүгінгі таңда кәсіпкер Л.Жұбатова салған жылыжайдың 1 гектар жерінен алынған өнімнің түсімі 200-250 центнерге жетіп отыр. Сонымен қатар, 500 гектар жерге қарқынды бау шаруашылығын дамытып отырған «Аманкелді» ЖШС-нің жұмысын аралап көрді. Алма, алхоры, шабдалы, шие, жүзім жеміс-жидектерін өсіретін серіктестік өнімдерін Қазақстан аумағынан бөлек, Өзбекстан, Ауғанстан, Тәжікстан Республикаларына шығаруда. Аймақ басшысы мұндағы жеміс-жидектер мен көкөністерді сақтайтын сыйымдылығы 2 мың тонналық қойманы да көрді. Сапар соңында әкім Қазығұрт ауданының ардагерлерімен кездесті. 109 мыңға жуық халқы бар аудандағы 64 елді мекеннің 42-і таза ауыз сумен, 38-і табиғи газбен қамтылған. Аграрлы аймақтың жер көлемі 270 мың га болса, оның 101 мыңнан астамы егістік алқап, ал 16 622 га суармалы, жайылымдық жері – 134 783 га. Ауданда ауыл шаруашылығы бағытында жұмыс істейтін 3,5 мыңнан астам шаруа қожалық иелері бар.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.