27 қазан күні Шымкентте «Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының кезектен тыс ХХV конференциясы өтті. Конференция делегаттары атқарылған жұмыстарды қорытындылап, Саяси кеңес пен Саяси кеңес Бюросының құрамына өзгеріс енгізу мәселелерін талқылады. Конференцияны қорытындылаған өңір басшысы, облыстық партия филиалының төрағасы Бейбіт Атамқұлов партия активіне алдағы атқарылатын міндеттер бойынша нақты тапсырмалар беріп, партиялық құрылымдардың белсенділігін арттыру қажеттілігін атап өтті. Анықтама: Оңтүстік Қазақстанда 288 алғашқы партия ұйымы, 88 мыңнан астам партия мүшесі және 23 мың «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері бар.