Еліміздегі үшінші қала мәртебесіне талпынып отырған Шымкент биыл қала күнін жеті түрлі атаумен жеті күн тойламақ. Әр күн дербес атауға ие болып, соның аясында ұйымдастырылатын тәрбиелік мәні бар мерекелік шаралар тұрғындардың қалаға деген сүйіспеншілігі мен патриоттық сезімін оятады деген сенімдеміз деп, мәлімдеді ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің облыстық филиалында өткен брифингте қала әкімінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Нұрлыбек Жеңісбек. Қазақ хандығының 550 жылдығына орай, шырайлы Шымқала туған күнін осылайша ерекше атап өтпек. Жыл санап гүлденіп, көркейіп келе жатқан шаһардың туған күні өзіндік ерекшеліктермен есте қалмақ. Қазанның 10-17 күндер аралығында өтетін мерекелік шаралардың бірінші күні «Жаңару мен тазалық» айдарымен өтсе, екінші күні «Саламатты өмір салты күні», үшінші күні «Болашақтағы — Шымкент» деп белгіленіп отыр. Ал, төртінші күн «Шымкент – достық мекені», ал бесінші күн «Ғасырлар тоғысындағы қала» болып аталып өтсе, алтыншы күн «Шуағын шашқан Шымқала» шаттық күні айдарымен тойланады. «Үлкенге құрмет, кішіге ізет білдірген дана халқымыз жетінші күнді «Ырыс алды — ынтымақ» қайырымдылық күніне арнайтын болады. Сонымен қатар, мерекелік шарада ат бәйгесі, қыз қуу, тағы басқа ұлттық спорт ойын түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып, еліміздің эстрада жұлдыздары мен шетелдік әншілер өнер көрсетеді», — деп хабарлады қала әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Мұрат Базарқұлов.
ҚАЗАҚ СПОРТШЫЛАРЫНЫҢ ӨТКЕН АПТАДАҒЫ ЖАРҚЫН ЖЕҢІСІ
🔹Шахмат: Блиц шахматтан екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева Шымкентте өткен Гран-при жарысының екінші кезеңінде қола жүлдегер атанды. Жерлесіміз 9...