Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қала әкімдігінде өткен алқалы жиында тез арада қоғамдық көлік аялдамаларында тұрып, жосықсыз бәсекеге жағдай жасайтын «секундомер қызметінің » түбегейлі жойылуын сала мамандарына тапсырды. Сондай-ақ, қаладағы жол-патрульдік полиция қызметкерлеріне де бірқатар тапсырманы жүктеді. Мәселен жыл басынан бері шаһарда жол ережесін бұзғандарға 75 мыңға жуық әкімшілік хаттама толтырылса, айыптұраққа 6763 автокөлік жеткізілген. Оның ішінде 467 – мас халде көлік басқарғаны үшін айыптұраққа тоғытылған.
Жазира Жорабекова