Облыста алғашқылардың бірі болып, Төлеби ауданы «Алтын күз» мерекесін атап өтті. Ауданға қарасты коператив иелері жеміс-жидегін, сүт, ет өнімдерін алып келіп, тұтынушыларына нарықтағы бағадан арзан ұсынды. «Алтын күз» мерекесінде енді бірі марапатқа ие болса, ауыл азаматтары қазақы салт дәстүрді жаңғыртып, ұлттық ойындар бәйгесінде бақ сынады. Биылғы жыл Төлеби үшін берекелі де мерекелі болды . Өйткені дихандар үшін еккені мен тергені мол .Қыстың қамын жаз ойлаған Төлебиліктердің еншісінде 61265 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер бар. Ол жердің 415 га ы тамшылатып суғаруға бөлінсе, 796 жерге жеміс-жидек егіліпті. Әр тараптандыру мал азығын көбейту мақсатында да тиісті жұмыстар атқарылып жатыр.
Еңлік Заманхан