30 қыркүйек күні Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов Ж.Шанин атындағы облыстық қазақ драма театрында Қазақстанда алғаш рет сахналанған «Тозақ шеңбері» пьесасын тамашалады. Жаңадан бой көтерген өнер шаңырағына алғаш рет келіп отырған аймақ басшысы таяуда академиялық статусқа ие болған театр ұжымына шағын микроавтобус сыйлап, өнер майталмандарына шығармашылық табыс тіледі. Алматыдағы қазақ өнерінің қара шаңырағы М.Әуезов театрының батылы жетпеген бұл қойылым алғаш рет Шымкент сахнасында тұсауы кесілді. Пьесаның премьерасына автордың өзі қатысты. «Тозақ шеңбері» қойылымының авторы – танымал жазушы, драматург, сыншы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәбит Досанов. Оңтүстікқазақстандықтарға ұсынылған қойылым – қатерлі желтоқсан оқиғасын әлемдік қақтығыстармен салыстыра отырып, психологиялық терең мағынада талданған шығарма. Шарада облыс басшысы С.Досановтың шығармашылығындағы жетістіктерін айтып, драматургке сый-сияпат жасады. Айта өткен жөн, Ж.Шанин атындағы облыстық қазақ драма театры Қазақстанда облыстық театрлар арасынан академиялық деген жоғары статусты иеленген алғашқы және жалғыз өнер ордасы.
АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛДЫҢ 10 АЙЫ САРАЛАНДЫ
Ағымдағы жылдың 10 айында экономикалық көрсеткіші 12 пайызды құрады. Екі индустриалдық аймақ ашылып, 293 жоба жүзеге асырылды. Нәтижесінде 80 мың...