28 қыркүйек өмірге ұлт мақтаныштары болған жазушы Оралхан Бөкей, Мұхтар Әуезов, Шерхан Мұртаза секілді таланттар дүниеге келген күн. Үшеуі де тау тұлға. Мәселен заңғар тауы мен әсем табиғаты бар Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданының тумасы Оралхан Бөкей талай шығармасымен таң қалдырған. Саналы ғұмырында асқаралы биікке өзін де, елін де, қазақ әдебиетінде шығарып үлгерді. Алыс жол, ұзақ сапар үстінде жүріп жүрегі тоқтаған Оралхан Бөкей қаламымен мың жасай бермек. «Қайдасың қасқа құлыным», «Мұзтау», «Біздің шақта қыс ұзақ» секілді романдары мен әңгімелері арқылы оқырманды өзіне баурап, қазақ әдебиетін байытты. Бұл жалғанмен ерте қоштасқан жазушыға туған өлкесінде ескерткіш қойылып, құрмет көрсетілген. «Айғақ» қоғамдық телеарнасының шығармашылық тобы Шығыс Қазақстанның қиырындағы Қатонқарағай ауданына барған сайын, Оралхан Бөкейден аттамайды. Бұл жолғы сапар кезінде де әсем де асқақ Алтайдың жыршысы болған жазушының ескерткішіне аялдап, туған күні қарсаңында талантына бас иді.
Бағлан Байкөбекқызы