Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Отанды қорғау – азаматтық борыш
    Жаңалықтар

    Отанды қорғау – азаматтық борыш

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа22.09.2015Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    21 қыркүйек күні Оңтүстік Қазақстан облысында Қазақстан Республикасының азаматтарын 2015 жылдың күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру бойынша республикалық семинар өтті. Жиынға облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов, ҚР Қарулы Күштері Бас Штабы ұйымдастыру-жұмылдыру департаментінің бастығы Бақыт Мұхамеджанов қатысты. Нұсқау беру-әдістемелік сабақтарын өткізу жиынында азаматтарды көктемгі әскерге шақыру жұмыстары қорытындыланып, Отан алдындағы борышын өтеушілерді әскерге күзгі шақыру науқанына дайындығы пысықталды. Бүгінде еліміздің қауіпсіздігі үшін атқарып жатқан еңбектеріне алғыс білдірген облыс әкімі өңірімізден түрлі әскери құрылымдарға, әскери қызметтерге азаматтарды шақыру бойынша ОҚО Республикадағы үштікке енгенін атап өтті. Сондай-ақ, сала мамандарының айтуынша, осы жылдың көктемінде ҚР Қарулы Күштері, басқа да әскери құрылымдарға Оңтүстіктен 1769 адам шақырылған. Оның ішінде еліміздің Қарулы Күштеріне 386 адам жіберілсе, Шекара Қызметіне 442, Мемлекеттік Күзет Қызметіне 916 және Республикалық Ұланға 25 адам алынған. Семинар барысында, аймақ басшысы ҚР Қорғаныс министрі И.Тасмағанбетовтың алғыс хаты мен ҚР Қарулы Күштерінің құрылғанына 20 жыл толуына орай мерекелік  медалімен марапатталды. Жиында әскери командаларды уақытылы жасақтау және жергілікті әскери басқару органдарының қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру мәселелері мен шақырылушылар контингентін медициналық куәландыруды ұйымдастырудың сапасын жоғарылату жайы да талқыланды.

    http://aigak.kz/wp-content/uploads/2015/09/21-09-15-жандос-нол.mp4
    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.