Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Қазығұрт ауданы тағы бір Алланың ақ үйімен толықты
    Жаңалықтар

    Қазығұрт ауданы тағы бір Алланың ақ үйімен толықты

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа21.09.2015Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Киелі Қазығұрт ауданына қарасты Бірінші Мамыр ауылындағы мешіттің ашылу салтанаты оңтүстіктің игі жақсыларының қатысуымен өтті. Жергілікті азаматтың қолдауымен салынған Жаратқанға құлшылық ететін қасиетті үй ауданда бой көтерген  60-шы мешіт екен.  Расында да Қазығұрт ауданында 61 елдімекен бар болса, Бірінші Мамыр ауылындағы мешіт соның 60-шы болып бой көтерген. Бұл киелі мекендегі бұқараның имандылыққа жаппай бетбұрысын көрсетеді. Оның салынуына тікелей жетекшілік еткен жергілікті жерден шыққан азамат, облыста бірнеше аудандардың тізгінін ұстап, басшылық қызметтерді атқарған  Исмат Тұрсынқұлов. Айтуынша сауапты істі қолға алғанда алғашқы қадамдардан-ақ жұмыстың оңтайы келген, яғни құрылыс сәтті жүріпті.

    Sequence 02.Still001

     

    Sequence 02.Still004

    Ал облыс орталығынан арнайы келген өңірдің бас имамы Ахметжан Керімбеков мешіт салудың өзіндік шарапаты мол болатынын айтып өтті.  «Бітер істің басына, жақсы келер қасына» дегендей сәні мен салтанаты жарасқан имандылық ордасының ашылу шарасына облыстың бетке ұстар азаматтары мен аузы дуалы ақылгөй қарттары жиналған. Елді имандылыққа шақырар мешітке осы ауылдан шыққан азамат, көпке белгілі тұлға Тұрсынқұл Салыбайұлының есімі берілді. Ел ағаларының ізгі ниетімен лентасы қиылып, есігі жамағатқа айқара ашылған мешіт 200 орынға лайықталған.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.