Архимед Мұхамбетов Қостанай облысының жаңа әкімі болып тағайындалды. Облыс мәслихатының отырысында депутаттар ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің ұсынған кандидатурасын бірауыздан мақұлдады. Архимед Бегежанұлы 1972 жылы туылған, білімі жоғары. Самара Мемлекеттік техникалық университетін инженер-электрик мамандығы бойынша бітірген. Әр жылдары Ақтөбе қаласының әкім орынбасары, Ақтөбе әкімі болып еңбек еткен. 2011 жылдан бері Ақтөбе облысын басқарған.
ШАҢЫРАҚ ШАТТЫҒЫНА КЕНЕЛГЕН 30 ОТБАСЫ
Шымкент қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған 95 мыңнан астам азамат бар. Бүгінде 30-ға жуық мемлекеттік және бюджеттік ұйым қызметкерлері, сондай-ақ...










