Архимед Мұхамбетов Қостанай облысының жаңа әкімі болып тағайындалды. Облыс мәслихатының отырысында депутаттар ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің ұсынған кандидатурасын бірауыздан мақұлдады. Архимед Бегежанұлы 1972 жылы туылған, білімі жоғары. Самара Мемлекеттік техникалық университетін инженер-электрик мамандығы бойынша бітірген. Әр жылдары Ақтөбе қаласының әкім орынбасары, Ақтөбе әкімі болып еңбек еткен. 2011 жылдан бері Ақтөбе облысын басқарған.
ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 4668 БАСПАНА
Шымкентте тағы 30 отбасы баспаналы болып, көптен күткен қуанышқа кенелді. Қала әкімі қатысқан салтанатты рәсімде жаңа пәтердің кілті табысталып, тұрғындардың...










