Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Халық қалаулылары «ҚР Конституциясына — 20 жыл» мерекелік медалін тағынды
    Жаңалықтар

    Халық қалаулылары «ҚР Конституциясына — 20 жыл» мерекелік медалін тағынды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа31.08.2015Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Халқымыздың қастерлі Ата заңының қабылданғанына –  20 жыл. Егемендігіміздің елдігін, тәуелсіздігіміздің тұғырлы екендігін танытқан Конституция – жалпы жұрттың мақсат-міндетін айқындап береді. Адамзаттың арқа тұтар алтын діңгегі. Азаттықты аңсап өткен Қасымханның «қасқа жолы», Есімханның «ескі жолы» мен Тәуке ханның «Жеті жарғысының» жалғасы – бүгінгі Конституция. Осындай мерейлі мереке қарсаңында төсбелгі табысталып, кеудесіне медаль таққан азаматтар аз болмады. Әлеуетіміздің артып, экономикамыздың дамуында өзіндік үлесі бар, әр салада еңбек етіп келе жатқан асыл жандар ардақты марапатқа қол жеткізді. Жұмада алқалы жиын өткізген аймақ басшысы Бейбіт Атамқұлов еліне елеулі, халқына қалаулы жандарға мерекелік медаль табыстады. Мұндай құрмет-қошеметке бөленгендер:

    Әбілқасым Досболов, Шәріпбек Жамалбек, Келесбек Жартыбаев, Дулат Әбіш, Бағлан Батыршаев, Қайнар Аббасов, Данабек Бекенов, Қайыпбек Қамбаров, Мадияр Оразалиев, Рахым Тәңірбергенов, Дәуренбек Ахметов, Талғат Баймаханов,  Саттар Қуашбаев, Оңалбай Аяшев, Мади Бигалиев, Алмасбек Мамытбеков, Қайрат Сапарбаев, Амангелді Сопбеков, Серікжан Сейітжанов, Сұлтанбек Сүгірбаев, Рәшкүл Оспанәлиева, Лесбек Тәшімов, Мұрат Төлтебаев, Өмірзақ Мелдеханов, Әділхан Исабаев, Қилыбек Тұрлыбектер бар.Sequence 01.Still003

    Өз кезегінде Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов та «Конституцияның — 20 жылдығына» орай қаламыздың қарыштап дамуына еңбек сіңірген азаматтарды Ата Заңның мерейлі төсбелгісімен марапаттады. Олардың қатарында қалалық мәслихат депутаттары мен әкімдік қызметкерлері және медицина саласының майталмандары бар. Сонымен қатар, ақпарат пен мәдениет саласының қызметкерлері де бұл күні марапатқа бөленді. Айта кетсек, салтанатты жиында «Айғақ» телеарнасының директоры Мұхтар Серікбаев пен «Айғақ» телеарнасының редакторы Ұлбике Ахметқызының да ақпарат саласындағы еселі еңбегі еленіп, марапат төрінен көрінді.

    Sequence 02.Still001

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.