29-тамыз күні ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікке шахар тұрғындары белсене атсалысты. Іс-шараға Шымкент қаласы әкімі аппаратының ұжымы, 4 аудан әкімдіктерінің қызметкерлері, бірқатар ел ағалары да өзіндік үлестерін қосты. Көше, аула бойлары мен өзен жағалауларын қоқыстардан тазартып, ағаш түптерін әктеді.. Екі қолға сайманын сайлаған қала азаматтары тазалық қызметіне бірлесе, білек сыбана кірісті. Шымкент қаласында дәстүрге айналған мұндай сенбілік шаралары өскелең ұрпақтың бойына тек жақсылық ұялатса, аулада демалушылар мен тұрғындар үшін қуаныш сыйлайтыны анық. Ендеше қаламыздың сәнін келтіру,оны көрікті ету жергілікті атқарушы биліктің ғана міндеті емес,оған тұрғын ретінде баршамыз атсалысумыз қажет.


ШЫМКЕНТТІКТЕР ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ
Шымкентте Құрылтай сайлауы өзгеше көңіл-күймен өтті. Азаматтық таңдауын жасауға келген тұрғындардың арасында ұлттық нақыштағы және ерекше киім үлгілерімен көпшіліктің назарын...










