Облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов еркін күрестен жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегерін қабылдады. Бағдаулет Әлментайдың жаттықтырушысы және ата – анасын Бейбіт Бәкірұлы құттықтап, алдағы байрақты бәсекелерде топ жаруына тілектес екенін білдірді. Қазақстанның көк байрағын желбіретіп жеңіске жетіп, ел намысын қорғаған батыр жігітке 1 млн тенгенің сертификатын табыстаса, спортшының жаттықтырушысы да бұл күні ескерусіз қалған жоқ. Яғни Тоймұхамбед Төребекұлына 500 мың сыйақы берді. Айта кетейік, 1995 жылы Түлкібас ауданында дүниеге келген Бағдаулет Әлментай тамыздың 10 мен 17-сі күндері аралығында Бразилия мемлекетінде өткен әлем чемпионатында Оңтүстіктің ғана емес еліміздің абыройын асқақтатып, қола жүлдемен оралған болатын.
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДА ӘРЕКЕТ ЕТУГЕ ДАЙЫНДАЙТЫН «SAQ-2024» ЖОБАСЫ
«SAQ-2024» жобасы шеңберінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде орта білім беру ұйымдарының педагогтері мен білім алушыларының қауіпсіз мінез-құлық...









