Төлеби ауданындағы «Тау самалы» оқу-сауықтыру лагері биыл 1200-ге жуық балаға жазғы демалыс сыйлады. Соңғы маусымындағы бүлдіршіндерін қабылдаған орталық 2000 жылдан бері қызмет етіп келеді. Тау баурайында жатқан лагерь – өзінің ерекше көрінісімен көз тартады. Қаншама баланың тағдырын тоғыстырған мекен – жастардың достық көпіріне айналған. 5-ауысымда облыс өрендерімен қатар, атыраулық балғындар да ат арылтып келіпті. Балалар арқылы байланысын нығайтқан өңір көпшілікке қуаныш. Енді 12 күн бойы демлушылар, табиғат аясында серуендеп қана қоймай, спорттық шараларға да қатысып, өзара бақ сынаспақ. Патриоттық шаралардың көптеп өткізілуі, өз кезегінде балалардың болашақта тұлға болып қалыптасуына үлкен септігі бар.
Жазира Жорабекова