«Бұл — біздің таулар!» Жастарды туған жердің қадірін біліп, отансүйгіштікке тәрбиелеу бағытын басымдыққа берген фестиваль халықтар достығы мен бірлігіне шақырады. «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағында жиналған жұртшылықтың көздерінде нұр ойнап, ерік-жігерлерінің белгіленген шыңды бағындыратына сеніммен қарап отырғандығы жүздерінен анық аңғарылды. «Қазақстан Халықтары Ассамблеясының 20 жылдығына» орай ұйымдастырылған фестиваль 3 күнге жоспарланған. 3 тәулік бойы Шараға қатысушылар туристік алаң құрып, барша этномәдени бірлестіктер концерттік бағдарламалар көрсететін болады. Ал шараның ең басты мақсаты альпинистер 3535 метр биіктіктегі тау шыңын бағындырып, бұл жетістікке «Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы» деп атау берді.
Жазира ЖОРАБЕКОВА