• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Маусым 3, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Сұхбат

Адамдық асқарындағы азамат

06.08.2015
0

Молдабай Ілесұлы 1936 жылы қыркүйек айының 26 жұлдызында Өзбекстан Республикасының Самарқанд облысына қарасты Заамин ауданында туылған. 1952 жылы №25 Стаханов атындағы мектептің 7 класын бітіріп, Ташкент қаласындағы зоотехникалық –малдәрігерлік техникумына оқуға түседі. 1956 жылы білім қуған жас Москва малдәрігерлік академиясының зоотехникалық оқуын жалғастырып, 1961 жылы ғалым-зоотехник мамандығы бойынша аталған оқу орнын бітіріп шыққан.

Елі үшін еміреніп, жұрт үшін жүгіріп қызмет еткен азаматтарымыздың ерен еңбегі қашан да елеулі. Киелі Оңтүстік топырағынан нәр алған тұлғалардың әрбірі өзіндік бейнесімен ерек. Халықпен бірге жасап, әлеуеттің артуында аянбай қызмет еткен ағалардың арқасында бүгініміз жарқын, ертеңімізге деген сенім мол. Қазығұрттай басына құт қонған өлкемен өсіп, ауасымен тыныстап, тіршілігін жасаған ел ағасы – Молдабай Ілесұлының еңбегін жергілікті жамағат мақтанышпен еске алып отырады. Жасы 79-ға шыққан қарияның тірлігі әлі де тың. Тарих беттерін ақтарып, кітап оқығанды жаны сүйетін жайсаң азаматпен сұхбаттасудың сәті де түсті. Оңтүстік делегациясының құрамында сонау Белоруссия еліне барып қайтқан Молдабай Ілесұлының өмірде көрген-түйгені мол. Тіпті, соғыстан қайтқан майдангерлермен қызметтес болып, бүгінде сол жылдардың естелігін еске алып отырады.

Image2

Молдабай Ілесұлымен әрмен қарай сұхбатымыз Қазығұрттың төріндегі өзі қызмет істеген өлкеде жалғасты. Яғни, бұл әкімшілік ғимаратында ел ағасы бар ғұмырын өткізді. Өңірдің әсіресе ауылшаруашылығы мен малшаруашылығы саласын дамытуда тер төгіп, еңбегін аямаған жан – жұмысының жемісін бергеніне қуанышты.

Image3

Молдабай Ілесұлы алғашқы еңбек жолын 1961-62 жылдары ОҚО Арыс ауданына қарасты Жданов атындағы совхозда бөлімше зоотехнигінен бастап, зоотехник-селекционер, 1963-70 жылдары Ленин ауданының «Коммунизм» совхозында бас зоотехник, 1970-71 жылдары аралығында аудандық ауылшаруашылығы басқармасының бас зоотехнигі, 1971-74 жылдары аудандық мемлекеттік дайындау инспекциясында бас инспектор, 1974-77 жылдары «Қызылтаң» колхозы басқармасының төрағасы қызметінде болды. Ал, 1977 жылдан бастап, бүгінгі күнге дейін ауданның басқару органдарында әр түрлі дәрежедегі қызметте болып, оны абыроймен атқарып келді. 12 жыл бойы Қазақстан Компартиясы аудандық комитетінің екінші хатшысы болса, 1989-91 жылдары Аудандық Атқару комитетінің төрағасы, 1991 жылдан Қазақстан Компартиясы аудандық комитетінің бірінші хатшысы болды.  Кеңес дәуірінен келе жатқан әкімшілік ғимараты заман ағымына сай жөндеу жұмыстарынан өткенімен, сол күйінде сақталып қалған. Аудандық Кеңесті де басқарған Молдабай Ілесұлы 1994 жылдың сәуір айынан Қазығұрт аудандық Мәслихат-Депутаттар жиналысының хатшысы болды. Оның ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі, әсіресе ауылшаруашылығындағы жетекші сала – мал шаруашылығына ғалым-маман ретінде сіңірген еңбектері бағаланып, ол үкімет тарапынан бірнеше рет марапатталған. «Еңбектегі ерлігі үшін» медалі мен «Құрмет белгісі» орденінің иегері. Облыстық, аудандық Кеңестің  бірнеше дүркін депутаты болып сайланған. Шаңырақтың ұйытқысы Молдабай қарияның үйдегі тіреуіші бола білген ардақты жан Шолпан анамызбен 1961 жыл отасыпты. Ширек ғасырдан бері жұптары жазылмаған жандар Гүлназым атты тұңғыш қыздарымен Бақытжан, Әлімжан, Ғалымжан, Рахымжан есімді ұлдарын тәрбиелеп, немере-шөбере сүйіп отыр. Бар ғұмыры өнеге мен тәлімді тәрбиеге толы жандардың бүгінгі өскелең ұрпаққа үйретер тәлімі мол. Өзінің қарапайым мінезімен ерекшеленетін Молдабай Ілесұлына қандай құрмет көрсетілсе де артықтық етпейді.

Салтанат ТОЙБОЛОВА

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МӘНЕРЛЕП СЫРҒАНАУШЫЛАРДЫҢ ХАЛҚАРАЛЫҚ ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

МӘНЕРЛЕП СЫРҒАНАУШЫЛАРДЫҢ ХАЛҚАРАЛЫҚ ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
02.05.2024
0

«SHYMKENT SKATE» халықаралық турнирінің ашылу салтанаты өтті. Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Украйна мемлекеттерінен және респбуликамыздың өңірлерінен жиналған 300 жас спортшы бақ...

ЭКОНОМИКАНЫ ҚҰРЫЛЫС ҚҰТҚАРАДЫ

ЭКОНОМИКАНЫ ҚҰРЫЛЫС ҚҰТҚАРАДЫ

Айғақ медиа
15.07.2022
0

 Шымкент қаласының әр көшесінде жүріп, қарқынды құрылыс жұмыстарын көзіңіз шалады. Әсіресе, әкімшілік іскерлі орталығында және жаңа мөлтек аудандарда тұрғызылып жатқан...

ТОҚАЕВ: БАҒАНЫ РЕТТЕУ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ ТАРИФТЕРІН КӨТЕРУГЕ МОРАТОРИЙ

ТОҚАЕВ: БАҒАНЫ РЕТТЕУ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ ТАРИФТЕРІН КӨТЕРУГЕ МОРАТОРИЙ

Айғақ медиа
05.01.2022
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға қатысты кеңес өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жиын соңында Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік-экономикалық ахуалды тұрақтандыру...

ТҮРКІСТАНДА ҚАЖЫМҰҚАН БАЛУАН ТУРАЛЫ КІТАП ПЕН ДЕРЕКТІ ФИЛЬМНІҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА ҚАЖЫМҰҚАН БАЛУАН ТУРАЛЫ КІТАП ПЕН ДЕРЕКТІ ФИЛЬМНІҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ

Айғақ медиа
26.11.2021
0

 Түркістанда қазақтың аңыз адамы, даңқты балуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлының өмір жолы туралы «Күш атасы – Қажымұқан» атты кітап жарық көрді. Қазақ,...

ТҮРКІСТАНДА САУЫТБЕК АБДРАХМАНОВТЫҢ 70 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ӘДЕБИ-РУХАНИ КЕШ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА САУЫТБЕК АБДРАХМАНОВТЫҢ 70 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ӘДЕБИ-РУХАНИ КЕШ ӨТТІ

Айғақ медиа
10.11.2021
0

Түркістандағы «Farab» кітапханасында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, журналист Сауытбек Абдрахмановтың 70 жылдық мерейтойына арналған әдеби кеш өтті. Кешті жазушы, «Алаш»...

Глава Антикора рассказал о преступных схемах в сельском хозяйстве

Глава Антикора рассказал о преступных схемах в сельском хозяйстве

Айғақ медиа
04.11.2021
0

Председатель Антикоррупционной службы Марат Ахметжанов озвучил коррупционные схемы, используемые в сфере сельского хозяйства Казахстана, передает Tengrinews.kz со ссылкой на пресс-службу Агентства...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.