• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Қараша 28, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Мәртөбедегі мәртебелі іс

05.08.2015
0

Sequence 01.Still004

 

Sequence 01.Still001

«Ұлы бабалар ізімен…» жобасы аясындағы «Айғақ» қоғамдық телеарнасының қолға алған тағы бір топтамасы бұл жолы Қазақ Хандығының 550 жылдығына арналып отыр.   Киелі Оңтүстіктен бастау алатын тағлымды сапар Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарына экспедиция жасалынып, деректі фильм 6 бірдей өңірдің тарихын қамтиды. Ұлы Жібек жолының бойындағы тарихи қалалардың таңбасы да біздің арнамыздан тыс қалмақ емес. Алдымен, шежірелі аймақ Мәртөбенің биігінен бастау алған жоба Ордабасы ауданында да жалғасады.  Мәртөбе – Қазақ Хандарының басын қосып, үш бидің елді бірлікке шақырған өлкесі ретінде таныс. 17 ғасырдың орта шенінде маңызды жиындар дәл осы Мәртөбеде өткізілген. Яғни,  1684-1718 жылдары Тәукехан бастаған Төле би, Қазыбек, Әйтеке би сынды қазақтың ірі тұлғалары мемлекеттік саясатты нығайту — елдің ынтымағы мен бірлігін арттыру мақсатында халықтық жиындар ұйымдастырып отырған.  Мәртөбеде қазақ халқының  алғашқы ата заңы  «Жеті жарғыға» қол қойылған. Тәуке хан мен үш бидің табаны тиген жерге жоба жетекшісі, «Айғақ» Телерадиокомпаниясының президенті, облыстық мәслихатының депутаты Дулат Әбіш бастаған экспедициялық топ арнайы барып, бабалар аманатын ұлықтады. Ұлы Отан соғысының зұлмат жылдары жолымен Ресей қалаларына, Польша, Латвия, Германия, Украина, Белоруссия елдеріне жасалған сапар барысында Еуропаның төрінде желбіреген көк байрағымыз Мәртөбеде де биікке көтерілді.

Sequence 01.Still003

Ерлан АЙТАХАНОВ, Оңтүстік Қазақстан облыс әкімінің орынбасары:

Мәртөбені даланы парламенті деп айтуға болады. «Жеті жарғыға» мөр басылған тарихи, қасиетті жер. «Конституцияның 20 жылдығы» қарсаңында бастау алған марш барша халықты қуантты. Оңтүстік Қазақстан облысы мәслихатының депутаты Дулат Әбіштің тың жобасы кеемеңгер тұлғалардың ерлігін ұлықтап, есімін таныстыру. Бүгінгі күн үшін экспедицияның маңызы зор. Сондықтан, сәт-сапар болсын!

Иә, Тәуке хан «Жеті жарғыға» мөрді осы төбеде қойған. Қазақ тарихында Мәртөбе дала парламентінің рөлін атқарған орын ретінде белгілі.

Sequence 01.Still008

Сайлау ҚҰЛМАНОВ, Төлеби аудандық мәслихатының депутаты:

Қазақ Хандығының – 550 жылдығына орай, облыстық мәслихатының депутаты, «Айғақ» телерадиокомпаниясының президенті Дулат Әбіштің бастаған бұл ісі оңынан болсын. Шынымды айтсам, мұндай жобаның қолға алынғанын есітіп, өзім қуанып қалдым. Өйткені, жас мемлекетіміз үшін тарихымыздың өткенін танытып, бүгінгі қоғамның бетіне шығару үлкен сауапты еңбек деп білемін.

 

Sequence 01.Still009

Әнуарбек БЕЙСЕ, «Ұстаз нұры — Информ» газетінің бас редакторы:

Мектеп оқулықтарында, әсіресе, тарихында Мәртөбенің мәртебесі туралы оқытылғанымен, оқушылар бұл тарихи жердің дәл осында орналасқандығын біле бермейді. Мұндай маңызды орынды көзбен көрудің өзі адамға үлкен серпіліс береді. Сондықтан, тарих таңбасын қалдырған мекендерге жасалатын сапар – біз үшін үлкен құнды дүние болмақ. Республикада алғаш рет «Айғақ» телеарнасымен бастау алған жобаны көрермендер тағатсыздана күтетін боламыз.

 

Sequence 01.Still007

Мұхтар СЕРІКБАЕВ, «Айғақ» телеарнасының директоры:

Жаңа жобамыз іске асқалы жатыр. Бұл өткен тарихымызды қозғап, өскелең ұрпаққа үлгі өнеге болар маңызды іс. Жол жүргелі жатқан экспедициялық топқа «Ақ жол» дейміз!

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

22 ҮМІТКЕР ШОКОЛАТИН БАЙҚАУЫНДА

Айғақ медиа
28.11.2025
0

Шымкентте «Шоколатин KAZAKHSTAN-2025» халықаралық байқауы өтті. Аталмыш іс-шара Франция елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылған. Байқаудың мақсаты – Шоколатина бойынша әлем чемпионатына жолдама алатын...

ӘЛЕМДІК БАЙҚАУҒА ЖОЛДАМА АЛҒАН АСПАЗ

ӘЛЕМДІК БАЙҚАУҒА ЖОЛДАМА АЛҒАН АСПАЗ

Айғақ медиа
28.11.2025
0

  Шымкентте Шоколатина бойынша Әлем чемпионатына жолдама алатын үздік үміткерлер анықталды. Марапатты Францияның Қазақстандағы елшісі Сильвен Гиоге табыстады. Еуропада өтетін...

РАДИКАЛДЫ ТОПТАРДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АНЫҚТАЛДЫ

РАДИКАЛДЫ ТОПТАРДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АНЫҚТАЛДЫ

Айғақ медиа
28.11.2025
0

  Шымкентте инстаграм желісінде радикалды топтарға жазылған 556 жасөспірім анықталды. Бұл ақпарат кезекті қоғамдық кеңес отырысында талқыланған болатын. Биыл мұндай...

1 МЛН ТЕҢГЕ ГРАНТ БЕРІЛДІ

Айғақ медиа
28.11.2025
0

Шымкентте “Тәуелсіздік ұрпақтары” жобасының жеңімпаздары анықталды. Байқау қорытындысында үздік деп танылған 6 жастың әрқайсысы 1 миллион тенгенің иегері атанды. Бұл...

ЖАС МАМАНДАРДЫ ҚОЛДАУ ЖАЛҒАСУДА

ЖАС МАМАНДАРДЫ ҚОЛДАУ ЖАЛҒАСУДА

Айғақ медиа
28.11.2025
0

Шымкентте медицина саласының болашағына бағытталған маңызды жиын өтті. Бұл халықаралық конференция «Медициналық колледждер мен денсаулық сақтауды дамыту ұйымдарының ынтымақтастығы» тақырыбы...

600 ГИМНАСТШЫ БАҚ СЫНАУДА

Айғақ медиа
28.11.2025
0

Шаһарда көркем гимнастикадан «Шымкент қаласы әкімінің Кубогы» халықаралық турнирінің ашылу салтанаты өтті. Дәстүрлі дода көркем гимнастика спорт кешенінде ұйымдастырылған. Биылғы...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.