Биыл мектеп оқушылары қандай оқулықтармен оқиды деген мәселе туындамауы тиіс. Білім және ғылым министрілігінің өкілдері осылай дейді. Өйткені барлық жергілікті атқарушы органдар мен мектеп директорлары мамыр айында қажетті кітаптардың тізімімен таныс болды. Осы орайда министрлік «Мектеп оқулығы» атты акция жариялады. Сол бойынша мектеп оқулықтары тамыз айының 10-нан бастап таратылады. Жаңыл Жонтаева, ҚР БҒМ департамент директоры: — 10 тамыздан бастап 1-сынып балаларына оқулық беру рәсімін бастаймыз. Ата-аналарды 10 тамызда мектепке шақырамыз. 11 тамызда 2, 3 сыныптар, 12 тамызға 4,5 сынып,18 тамыздан бастап 11 сынып оқушыларына оқулық беріледі деп күтілуде.
СОЗАҚ АУДАНЫНА ШУ ӨЗЕНІ АРҚЫЛЫ 1,5 МЛРД ТЕКШЕ МЕТРДЕН АСТАМ СУ ЖІБЕРІЛДІ
Су Жамбыл облысындағы Тасөткел су қоймасынан жіберілді. Бұл жұмыс табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберу шаралары аясында былтыр қыркүйектен басталып,...