Facebook әлеуметтік желісіндегі ең танымал 30 қазақстандық анықталды. Мұндай тізімді Pandaland.kz сайты жасаған. ТОП-30-дағы алғашқы орын 113 мың оқырманы бар кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинге тиесілі. Былғары қолғап шеберіне қатысты соңғы жаңалықтардан құлағдар болып отырғысы келетіндер әлемнің түкпір-түкпірінен «жиналған». Сонымен қатар бұл тізімге тағы бір спортшы «Астана» командасының автошабандозы Айдын Рахымбаев та еніпті. Айдын 3132 оқырманымен 26-орынға жайғасқан. Авторы: М.Асылбек
КӨК ТУДЫ КӨККЕ КӨТЕРГЕН ЖЕҢІЛ АТЛЕТТЕР
Бахрейнде өткен жасөспірімдер арасындағы ІІІ Азия ойындарында қазақстандық жеңіл атлеттер ел қоржынын толтырды. Ішінде мегаполистің жас өрендері де бар. Әлемдік...










