Шымкент қаласының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті ЕСКЕРТЕДІ!
Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! Біздің кеңестерімізге назар аударыңыздар! Өзіңіздің және жақын адамдарыңыздың денсаулығына мұқият болыңыздар!
Өздігінен зиянкестерден құтылу өзіңіздің және туысқандарыңыздың денсаулығына зиян тигізуі мүмкін.
Үйіңізге жәндіктер мен кеміргіштерге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізбес бұрын:
-
Жәндіктер мен кеміргіштерге қарсы жұмыс істейтін мамандардың дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша кәсіптік даярлықтан өткендігін растайтын куәлігі бар-жоқтығын сұраңыз;
-
Жәндіктер мен кеміргіштерге қарсы (дезинсекциялау және дератизациялау) Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген залалсыздандыру дәрілері пайдаланылады. Дезинфекциялық өңдеу жасайтын дәрінің жарамдылық мерзімін және мемлекеттік тіркеуден өткендігі туралы куәлігін талап етіңіз.