«Темір жол жолаушылар тасымалы» сайтында хабарлағандай ағымдағы жылдың 21 қыркүйегінен бастап бірқатар бағыттағы пойыздардың тарифі 10 пайызға өсті.
«Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің 2019 жылғы 9 қыркүйектегі No 28-28-9/2920хаты негізінде 2019 жылғы 21қыркүйектен бастап мына
No 085/086 «Нұр-Сұлтан-Сарыағаш»;
No 021/022 «Қызылорда-Семей»;
No 313/314 «Атырау-Маңғыстау»;
No 339/340 «Павлодар-Пресногорьковская»;
No 373/374 «Алматы-Жезқазған»;No 377/378 «Алматы-Маңғыстау»;
No 603/604 «Нұр-Сұлтан-Арқалық» қатынастарындағы пойыздар және
No 085/086 «Қарағанды-Сарыағаш»;No 021/022 «Алматы-Семей»;
No 22/6941/6942/21 «Алматы-Достық»;
No 339-55/56-154 «Павлодар-Қызылорда» қатынастарындағы тіркеме/тікелей қатынайтын вагондардан басқа,«Жолаушылар тасымалы» АҚ құрастырған әлеуметтік маңызы бар қатынастардағыпойыздар тарифінің 10 %-ға өскендігін хабарлаймыз» делінген хабарламада.