• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Шілде 12, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ТҮРКСОЙ жастар камералық оркестрінің алғашқы концерті Түркістан қаласынан басталады

23.08.2019
0

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымы, Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Түрік кеңесінің 10 жылдығына орай ТҮРКСОЙ Жастар камералық оркестрінің концерті Түркістан қаласында бастау алады. Бұл туралы Жастар ресурстық орталығында өткен баспасөз-мәслихатында ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов мәлімдеді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

 «Өздеріңізге белгілі, Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы 2017 жылы Түркістан қаласын «Түркі әлемінің мәдени астанасы» етіп жариялаған болатын. Өте жоғары деңгейде өткен бұл халықаралық ірі жобаның ізін суытпай, өткен жылы Елбасымыздың бастамасымен облыс атауы «Түркістан облысы» болып өзгертіліп, облыс орталығы Түркістан қаласына көшірілді.  ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласында «Жаңа облыс орталығы ретінде Түркістанды дамыту барысында оның халықаралық аренадағы беделін жүйелі түрде арттыру қажет» деген болатын. Біздің ұйым осы мақсатта өткен жылы да жаңа ашылған облыс орталығында бірнеше шара ұйымдастырған еді. Биыл да сол дәстүрімізді жалғастырып, ТҮРКСОЙ Жастар камералық оркестрінің кезекті концерттік турнесін 2017 жылғы «Түркі әлемінің мәдени астанасы» – Түркістан қаласынан бастап отырмыз», – деді Бас хатшы Д.Қасейінов.

Отандық және шетелдік өнерпаздардың қатысуымен өтетін концерттің барысы мен мақсатына арналған баспасөз конференциясына Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Салаватов Ренат Салаватұлы,  ҚР еңбек сіңірген қайраткері, дирижер Ақбаров Анвар Асқарұлы, Әзірбайжан елінен келген дирижер, халықаралық байқаулардың лауреаты Мехмендаров Мұстафа Әділоглу да қатысты.

«ТҮРКСОЙ Жастар камералық оркестрінің бұл жолғы концерттік бағдарламасы Түрік Кеңесінің (Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық Кеңесі) құрылғанына 10 жыл толуы құрметіне арналып отыр. ТҮРКСОЙ ұйымының да, Түрік Кеңесінің де мақсаты бір – түркітілдес халықтардың ынтымақтастығын дамыту. Бұл оркестр – мәдени құндылықтарымызға негізделген мақсатты жұмысымыздың көзге көрінген нақты нәтижесі. Сондықтан, жас та болса халықаралық аренада танымалдыққа ие болған өнерпаздарымыздың өнерін тамашалауға шақырамын», – деді Дүйсен Құрабайұлы.

Концерттік бағдарлама  Қазақстанның Түркістан, Шымкент, Тараз, Алматы қалаларында, Қырғызстанның Бішкек және Әзірбайжанның Баку қалаларында  жалғасатын болады. 

Бүгінге дейін құрамында 10 елдің 100-ден астам талантты жастары өнер көрсеткен оркестрге бұл жолы Татарстаннан  Ренат Салаватов, Қазақстаннан Анвар Акбаров, Әзірбайжаннан Мұстафа Мехмендаров дирижерлік ететін болады.

Аталған қалалар мен шетелдегі концерт 27 тамыз – 9 қыркүйек күндері аралығында өтеді.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласында алты жаңа өрт сөндіру бөлімі салынады. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты мегаполиске жұмыс сапары барысында келгенде айтылды....

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

АСПАЛЫ ЖОЛ ӨТКЕЛІ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенаторлар Шымкент қаласындағы теміржол өткелінің құрылыс жұмысымен танысты.Еңбекші ауданындағы Момынов көшесінің бойында салынып жатқан аспалы жол өткелі қаладағы көлік кептелісін...

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

Айғақ медиа
09.07.2025
0

 Қосымша білім беретін кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан жаңа талаптар енгізілді. Енді үйірмелерге қатысатын балалар саны шектеледі, сондай-ақ бұдан былай ерекше балаларды...

СОТ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

СОТ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Елімізде генетикалық сараптама жасайтын 5 қана орталық бар. Соның бірі Шымкентте. Орталыққа Полиция департаменті мен азаматтық соттардан сұраныс өте көп...

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенат депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова қала тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді. Қоғаммен тікелей байланыс орнату мақсатында өткен бұл кездесу...

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласының біртұтас дизайн кодын енді жергілікті мәслихат депутаттары бекітетін болады. Арнайы ереже арқылы шаһардың заманауи келбеті қалыптасып, жайлы, қолжетімді...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.