Арыс қаласындағы қалпына келтіру жұмыстары бойынша Шымкент қаласына бекітілген 10-шы сектордағы құрылыс жұмыстары Ерлан Айтахановтың жіті бақылауында.
Әр апта сайын мегаполис әкімі Арыста болып, қалпына келтіру жұмыстарының қарқындылығы мен сапалы жүргізілуін қадағалауда. Бүгін зардап шеккен үйлерді, әлеуметтік нысандар мен инженерлік желілерді қалпына келтіру жұмыстарының барысын тексерді. Сонымен бірге, қала басшысы құрылысшылармен кездесіп, белгіленген мерзімде жұмысты аяқтау қажет екенін айтып, қарқынды күшейтуді тапсырды.
«Айғақ-Ақпарат»