«Nur Otan» партиясы өзінің ақпараттық стратегиясын қайта қарауы керек. Партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осындай мәселе көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Партия алға қарай жылжитын, ақпараттық, идеологиялық саясатты жүргізуі тиіс. Бүгінгі таңда медиада шынайы бейнені бұлдырататын арналар көбейіп барады. Жай ғана қайдағы бір сұрақты лақтырады да – шындыққа сай келе ме, жоқ па біліп алыңдар дейді (…) Кейін партияның толық медиатобы, телевизиялық арнасы, газеттері – аузын жауып отырады. Біздің орталық ақпараттық арналар да аузын ашпайды. Ой, қорқамыз… Бұрын мен керісінше, маған ақша төле, әйтпесе сен туралы жаман жазамын деген редакторларды жазалайтын едім. Әкімдер осы үшін ақша төлейтін. Ал қазір егер сен бірдеңе жазсаң, біреу арқылы сені жұмыстан шығарамын деген бопса пайда болды. Біз оны білеміз. Егер осындай жағдай тіркелсе, қандай лауазымда болса да, жұмыстан шығарамыз. Кім болса, ол болсын», — деді Елбасы «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында.