Кәсіпкер, Шығыс Қазақстан облысы, Қатон-Қарағай ауданының «Құрметті азаматы», Ғани Шәймерденов күні кеше өткен кәсіп иелеріне арналған «Жыл көшбасшысы» салтанатты съезінде «Жыл көшбасшысы-2018» атағы мен «Профессионал года» орденінің иегері атанды.
Рейтингтік бағдарлама елеулі қаржылық табысқа қол жеткізіп, серіктестер мен тұтынушылардың сенімін жоғарылаған Қазақстан экономикасының түрлі салаларында жетекші кәсіпорындарды анықтауға бағытталған. «Жыл көшбасшысы» атағы қаржы-экономикалық көрсеткіштерді талдау негізінде жоғары секторлық рейтингі бар компанияларға беріледі.
Әртүрлі номинациялар тағайындалған байқауды Ұлттық бизнес рейтингі ұйымы кәсіп иелерін 4 бағыты бойынша бағалайды. Атап айтқанда, салық түсімінің уақтылы төлеп және жыл сайын оның артып отырғандығы бойынша, яғни динамикасы, шаруашылық қызметтің түрі сынды қызметтері сарапқа салынады.
NBR — Ұлттық бизнес рейтингтерінің сегіз елде ұйымдастырушы комитеттерін біріктіретін, рейтингтің халықаралық қағидаларын анықтайтын, марапаттау бағдарламаларын бастайтын және кәсіпкерлер үшін ауқымды іс-шараларды ұйымдастыратын Қазақстандағы Ұлттық Бизнес Рейтингтерінің Халықаралық Одағының өкілдігі.