Әлеуметтік әріптестік: Г. Әбдіқалықова Шымкент қаласының активімен, бизнес және кәсіподақтардың өкілдерімен кеңес өткізді

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Г. Әбдіқалықованың бастауымен үкіметтік делегация Шымкент қаласында Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік шараларының негізгі бағыттарын түсіндіру жұмыстарын жалғастырды.

Вице-премьер бірқатар әлеуметтік және өнеркәсіптік нысандарды аралау аясында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде студенттермен кездесу өткізді, онда мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары, сондай-ақ Жастар жылы аясындағы іс-шаралардың жүзеге асырылу барысы талқыланды.

Г. Әбдіқалықова «Оңтүстік» АЭА-да жаңа технологиялар негізінде шұлық-ұйық, кілем бұйымдарын және аяқ-киім шығаратын «Әлем БТ» ЖШС, «LuxShoes» БК, «Бал текстиль» өндірістік кәсіпорындарының жұмысымен танысты.

1 сәуірдегі жағдай бойынша АЭА аумағында жалпы сомасы 29,5 млрд теңгеге 13 жоба іске асырылып, 1396 жұмыс орны ашылды, оның ішінде көп балалы және аз қамтылған отбасылар үшін — 1227.

Вице-премьер «Қайнар» бизнес орталығында аудандардың әкімдерімен, ірі кәсіпорындардың, бизнес-құрылымдардың және кәсіподақ ұйымдарының басшыларымен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік жауапкершілікті дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Іс-шарада Г. Әбдіқалықова Елбасының сөзінен еліміздің әлеуметтік-бағдарлы мемлекет ретінде дамуы басымдыққа ие екенін атап өтті. Әлеуметтік масылдыққа жол беруге болмайды. Ол бизнес-қоғамдастықтарды аз қамтылған жұмысшыларға белсенді көмек көрсетуге, жергілікті жерде олардың өзекті мәселелерін шешуге шақырды.

Сонымен қатар, Премьер-Министрдің орынбасары Қалалық аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты. Мұнда қызмет алушылардың жеке қажеттіліктерін, олардың әлеуметтенуін, қоршаған ортаға бейімделуін ескере отырып, рухани-танымдық, емдеу-түзету жұмыстарын жүргізу арқылы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Жыл сайын 300 адам оңалту қызметін алады.

Сонымен қатар, Г. Әбдіқалықова «Самғау сенім» орталығында болды, онда қатыгездікпен қарау салдарынан өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдар мен отбасыларға, тұрмыстық зорлық-зомбылық пен адам саудасының құрбандарына көмек көрсетіледі. Бүгінгі таңда, бұл жерден 227 адам арнайы әлеуметтік қызмет алды.

Вице-премьер қалалық Жұмыспен қамту орталығының жұмысын тексерді. Жыл басынан мекеме 5810 азаматқа қызмет көрсеткен. 2437 адам тұрақты жұмысқа орналастырылған. Бүгінде 5430 бос жұмыс орны бар.

Сондай-ақ, Премьер-Министрдің орынбасары аз қамтамасыз етілген отбасыға барып, олардың тұрмыс жағдайымен танысып, оларды қызықтыратын әлеуметтік сипаттағы сұрақтарға жауап берді.

Жұмыс сапары азаматтарды жеке қабылдау мен аяқталды. Онда 5 кішкентай баланы тәрбиелеп отырған көп балалы ана Ә. Маманазарованың тұрғын үй мәселесі шешілді. Мамыр айында ол көптен күткен пәтерге ие болады.

Жұмыс сапары Жамбыл облысында жалғасады.

primeminister.kz

Ұқсас жазбалар

КҮШІМІЗ БІРЛІКТЕ

КҮШІМІЗ БІРЛІКТЕ

Шымкентте су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық көмек жинау жалғасуда. Қала тұрғындары табиғи апатқа бей-жай қарамай, халыққа көмек қолын созуда....