(немесе алғашқы жарлықтан соңғы жарлыққа дейін)
2019 жыл, 19 – наурыз, сағат 19.00 – тарихи сәт!!!
Дәл осы жылы, осы күні, осы сағатта Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тарихи шешім қабылдады.
Билікке жаңа буын келуі керек деді. Өзінің 30 жыл Ел басқарған тарихына қысқаша тоқталды.
Нұрсұлтан Әбішұлы тарихи тұлға! Тәуелсіз Қазақстанымызға сіңірген еңбегі орасан зор.Солардың негізгілеріне тоқталайық.
Президент бола салысымен адамзаттың хас жауы болып табылатын «Ядролық полигонды» өзінің алғашқы жарлығымен жапты.
СССР деген империя құлап, абдырап қалғанда Ел тізгінін қолына алып, мемлекетті тығырықтан шығарды. «Ең алдымен экономика, содан кейін саясат» деген бағыт ұстанып, елдің экономикалық жағдайын түзеді.
Ел орданы географиялық жағынан тиімді Ақмолаға көшіріп, Астана деген атау берілді.
Қазақстанды әлемге танытып, беделді мемлекетке айналдырды. Дамыған 50 елдің қатарына қосты. Халықаралық шаралар «ОБСЕ саммиті», «ЭКСПО — 2017 «, «Азиада» т.б. өткізіп, Қазақстанды іскер Ел ретінде көрсетті.
Айналамыздағы шекарамызды шегендеді.
Әлемдік экономикалық дағдарыстардан Елімізді аман – есен алып шықты.
Ауыл шаруашылығына қыруар қаржы бөліп, дамытты.
Қалалар мен ауылдардың инфрақұрылымын дамытты.
Табиғи апатқа ұшыраған ауылдарды жедел түрде қалпына келтірді. Бір ғана мысал, ШҚО Тарбағатай ауданында 2010 жылы су тасқыны болып екі ауылды шайып кеткенде, қазынадан қаржы бөлдіріп 5 айдың ішінде жаңа жерден екі: Көкжыра және Жәнтікей ауылдарын салғызып, халықты жаңа үйлерге қоныстандырды. Және өзі сол ауылдардың ашылуына келіп қатысты.
Елбасының ең негізгі жетістігі 30 жыл бойы Елімізді қақтығысқа ұрындырмай, тыныштық пен бейбітшілікті сақтауы болды.
Кешегі күні Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің Президент ретіндегі соңғы жарлығымен өкілеттілігін тоқтатып, Сенат Төрағасы Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаевты өзінің орнына қалдырды.
Қасымжомарт Кемелұлын адал, еңбекқор, білімді, дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері ретінде бағалайтындығын айтты. Бұл бағамен халық толықтай келіседі.
Нұрсұлтан Әбішұлына халық үшін істеген игілікті істеріне ризашылығымызды білдіре отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз!
Қасымжомарт Кемелұлына халқы, ұлты үшін аянбай еңбек етуді, Қазақстандағы тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтап, гүлдендіруді нәсіп етсін!
Ержан ҚҰТТЫБАЕВ,
Тарбағатай аудандық мәслихатының депутаты,
Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылы.