Жылу беру маусымының соңына дейін тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі бағытында азаматтардың білімін арттыру және өрт қауіпсіздігі мәдениетін кеңінен үйрету мақсатында Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары М.Жанесеннің төрағалығымен тұрғын үй секторларындағы өрт қауіпсіздігі және улы газдан сақтану туралы жаппай аудандық түсіндіру акциясы өтті.
Шараға, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, аудан әкімі аппараты мен жергілікті ауылдық округ аппаратының мамандары, аудандық «КазТрансГаз Аймақ» бөлімі, аудандық ішкі істер бөлімі және аудандық жастар ресурстық орталығының мамандары атсалысты.
Акция нәтижесінде 2000 жуық түрғын үйге түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 2000 астам түсіндірме парақшалары таратылды.
Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметі.