«100 нақты қадам – Ұлт жоспары» бағдарламасының алғашқы 15 қадамы кәсіби мемлекеттік аппарат құруға арналған. Түлкібас ауданында осы 15 қадамның орындалуы бойынша аудан әкімі аппартының ғимаратында арнайы жиын өткізілді. Жиында аудан әкімі Н.Тұрашбеков төрағалық етті. Аталған жиынға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Тұрсынбаев Ғалым Сұлтанұлы және ауданның мемлекеттік қызметшілері, ауылдық округ әкімдері, құқық қорғау органдарының өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен мектеп директорлары қатысты.
Жиын барысында сөз алған Ғалым Сұлтанұлы облыс көлемінде сыбайлас жемқорлықты алдын алу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, сонымен қатар Елбасының ағымдағы жылдың 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа арнаған жолдауындағы басым бағыттарының бірі қоғам дерті сыбайлас жемқорлықпен күресуді жалғастыруға арналғаның айтып өтті.
Кездесуді қорытындылаған аудан әкімі Н.Тұрашбеков, сыбайлас жемқорлықты жою – бұл тек ғана мемлекеттің мүддесі мен міндеті емес, бүкіл қоғамның міндеті. Әрбір азамат бұл мәселеде алаңдаушылықты сезінуі тиіс, ешкім бұл зұлымдықпен күресте бейтарап қалмауы тиіс. Біз барлық уақытта мекемелер мен әкімдіктерде сыбайлас жемқорлықты алдын алу жайында түрлі жиындар, семинарлер, кездесулер өткізіп, барлық қызметкерлерге қажетті заңдарды түсіндіріп, кеңінен мәліметтер беруіміз — біздің міндетіміз, деп өз сөзін аяқтады аудан басшысы.
«Айғақ-ақпарат».