Қазығұрт ауданының халқы 90 жылдық мерейтойын тойлап жатыр.
Салтанатты шара «Қазығұрт» монументінің ашылуы рәсімінен бастау алды. Мерекеге орай Қазығұрт ауданының тумалары, ҚР Парламент Сенатының депутаты Әли Бектаев, Парламент мәжілісінің депутаты Сауытбек Абдрахманов, Мемлекет және қоғам кайраткерлері, зиялы кауым өкілдері келді.
Елбасының Болашаққа бағдар рухани жаңғыру мақаласы негізінде 90 жылдык мерекеде ауданның әзірлеген этнокөрмесі көпшілікке ұсынылды. Татулықты ту еткен қазығұрттықтар ауданның орталык саябағында ұлттық тағамдар мен салт дәстүрді ұлықтады.
Сондай-ақ, мерейлі мерекеде «Болашақ» мөлтекауданындағы 16 пәтерлі 4 тұрғын үй, 100 орындық өнер мектебі, 210 орындық дене-шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді.
Мұнан соң, салтанатты шара «Қазығұрт — адамзаттың рухани шыңы» атты ғылыми конференциямен жалғасты.
Ал, кешкісін ауданның орталық алаңында гала концерт ұйымдастырылып отыр.