Жамбыл облысында екі күн ішінде көші-қон заңын бұзған 540 адам анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Келімсектердің 175-і ел аумағынан аластатылды.
Ал 105 азамат қабылдау-тарату мекемесіне орналастырылып, оларға 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл мен ескертулер берілді. Іс-шараға 310-ға жуық ішкі істер департаментінің қызметкерлері жұмылдырылған.
Қанат Шаухаров,облыстық ІІД көші-қон қызметі басқармасының бөлім басшысы:
– Елден шығу туралы шешімді орындамағандарға 4 қылмыстық іс қозғалды. Олардың үшеуі – Өзбекстан Республикасының және біреуі – Қырғыз елінің азаматтары.
Сондай-ақ 127 еліміздің азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Оларға шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін сақтамағаны үшін 320 мың теңге айыппұл салынды.
24.kz