Доллар

Қазақстанның халықаралық резервтері 87,3 млрд доллардан асты

2018 жылдың тамызында Қазақстанның халықаралық резервтері шілдемен салыстырғанда 0,35 пайыз, 2017 жылдың желтоқсанына қарағанда 1,98 азайып, 87,314 млрд АҚШ долларын құрады.

ҚР Ұлттық банкінің мәліметтеріне қарағанда, Қазақстанның жалпы халықаралық резервтерінің көлемі тамыз айында 0,2 пайызға (2018 жылдың басынан бері 0,11 пайызға артқан), 30,779 млрд долларға азайған.

Соның ішінде таза халықаралық резервтер көлемі 0,21 пайызға (+0,16 пайыз), 30,282 млрд долларға дейін азайған. ҚР Ұлттық қоры активтерінің көлемі 0,43 пайызға артып (-3,08 пайыз), 56,535 млрд долларды құрады.

Еркін конвертацияланатын валютадағы активтер көлемі 17,959 млрд долларды құрады. Ол өткен айда 0,48 пайызға (өткен жылдың желтоқсанынан бері — 1,58 пайызға) қысқарған.

Алтынмен есептелген активтердің көлемі 0,19 пайыз (+2,58), 12,821 млрд долларға дейін артты.

inform.kz




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!