01

Денсаулық фестивалі Шымкент қаласындағы саябақтарда жалғасын тапты

Сондай-ақ, қаламызда орналасқан Дендро саябағында дәстүрлі фестиваль өз жалғасын тапты. «Денсаулық сандарына жет!» ұранымен өткен шарада азаматтар бір сәт өз денсаулығына назар аударып, дәрігерлерден қажетті ақыл-кеңес алды. Аталған шара  қаламыздың «Орталық», «Қошқар ата», «Абай» және «Дендро» секілді  саябақтарда бір мезетте өтті.     

00070.Still009

Ашық аспан аясында экологиялық таза азық-түліктердің көрмесі ұйымдастырылды. Барлығы да әсем үйлестірілген Дендро саябағында бұл күні халық көп жиналды. Келушілердің басым көпшілігі қала тұрғындары, білім, денсаулық сақтау салаларының қызметкерлері, мектеп оқушылары мен студент жастар.

00070.Still006

Арнайы құрылған «Денсаулық қалашығында» қала тұрғындары мен қонақтары медициналық жолдамасыз-ақ, дәрігерлерге қаралды. Сондай-ақ, түрлі диагностикалық тексерулерден өтіп, тегін жедел-анализдер тапсыруға мүмкіндік алды.

00070.Still003

«Денсаулықтың үш негізгі шарты – қозғалыс, дұрыс тамақтану және дәрігерлерге уақытылы көріну. Бүгін біз осы үш мүмкіндіктің бәрін пайдаланып отырмыз» — дейді фестивальге қатысушылар.

Әр адамның өз денсаулығына деген жауапкершілігін арттыруды мақсат тұтқан акцияда халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері насихатталды. Акцияны ұйымдастыруда «Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» ЖШС-нің қызметкерлері де белсенділік танытты.

00070.Still010

Фестиваль соңында салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін ақпараттық-танымдық  материалдар таратылып, үгіт-насихат жұмыстары жоғары деңгейде жүргізілді. Мерекеге сай безендірілген алаңда арнайы әзірленген концерттік бағдарлама ұйымдастырылып,  эстрадалық әншілер мен бишілер өнер көрсетіп, жиналған қауым көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

Жансая Елемесова

 




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!