Шымкент қаласының мемлекеттік органдары бұрынғы Түркістан облысы әкімдігінің 16 қабатты ғимаратына көшті. Бүгінде бұл ғимаратта 11 қалалық әкімшіліктің 340-тан астам қызметкері жұмыс жасауда. Айта кетейік, кезекті үлкен қоныс аудару 30 тамыз — 2 қыркүйек аралығында өткен болатын.
Астана даңғылының бойында орналасқан әкімшілік-іскерлік аймақта орналасқан ғимаратқа төмендегі мемлекеттік органдар жайғасты. Атап айтқанда:
-
Шымкент қаласы әкімінің аппараты;
-
Шымкент қалалық мәслихаты;
-
Шымкент қаласының экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы;
-
Қаржы басқармасы;
-
Ветеринария және ауыл шаруашылығын басқару басқармасы;
-
Кәсіпкерлікті және индустриялды-иновациялық басқармасы;
-
Туризм және сыртқы байланыс нығайту басқармасы;
-
Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы;
-
Құрылыс басқармасы;
-
Сәулет және құрылыс басқармасы;
-
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы;
-
Ішкі саясат және дін істері жөніндегі басқармасы;
-
Ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы;
-
Отбасы, балалар және жастары істері жөніндегі басқармасы;
Шымкент қаласы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінің басшысы Жәнібек Наушабайдың айтуы бойынша:
— «Спорт, білім басқармалары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, мәдениет және тілдерді дамыту басқармалары өз орындарында қалды. Олар да қазір қалыпты жағдайда өздерінің бұрынғы мекен-жайындажұмыстарын атқарып жатыр», дейді.
Ал, Тәуке хан даңғылы бойында орналасқан Шымкент қаласы әкімі аппаратының бұрынғы ғимаратында Түркістан облысының кейбір басқармалары орналасты.
Жансая Елемесова.