11111

Ұлттық ою-өрнекке жан бітірген Жұмазия еді…

Тамыздың 26 күні әйелдер арасында кәсіпкерліктің негізін қалаған Жұмазия Кішкентайқызы 78 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.  Бұл есім тек Түркістан облысына ғана емес, бүкіл республикаға таныс. Тәуелсіздіктің алғашқы тоқырау заманыныда «Қыз Жібек» тігін фабрикасының негізін қалаған қайсар азаматшадан айырылуымыз – қазақ қоғамы мен руханияты үшін орны толмас ауыр қаза.

Атыраудың Ақ Жайығында туылып, Оңтүстіктің Құрамысовтар әулетіне келін болып түскен Жұмазия Кішкентайқызы сонау 1980-ші жылдардың ортасында Оңтүстік өңірінде орналасқан бес тігін фабрикасын басқарып, кейіннен «Қыз Жібек» деп аталатын жеке тігін мекемесін ашқан алғашқы кәсіпкер әйел. Сол замандарда «Қыз Жібек» тіккен киімдерді қолы жеткендер мақтана киетін. Өйткені оның сапасы да, сәні де сол уақыттың талабына сай болатын.

Марқұм Жұмазия апа 90-шы жылдардың басында, қазынадан қаражат аз уақыттарда «Восток» мөлтек ауданындағы балалар үйіне азық-түлік, киім-кешек апарып, бүлдіршіндерді қуанышқа бөлейтін. Өмірінің соңғы уақыттарына дейін зейнетақысының бір бөлігіне мата алып, бөбектерге түрлі киімдер тікті. Өзінің жомарт жүрегімен ел анасы атанған аяулы жан балғындардың болашағы үшін қолдан келер көмегін аямады.  Осылайша «Жақсылық жасауды жаны сүйетін – Жұмазия Кішкентайқызы» деген есіммен  халық жадында мәңілік сақталып қалары сөзсіз…

Шебердің қолынан шыққан ұлттық нақышта тігілген киімдер мен бұйымдар  Бельгия, Испания, Швеция, Португалия сынды Еуропа елдерінде өткен ЭКСПО көрмелерінде шет елдік көрерменнің назарына ұсынылды. Ғұмырын тігін өнерімен байланыстырып, қырық жылға жуық басшылық қызметте істеді. Сүйікті ісімен бірге, жеке өмірін қатар алып жүрген аяулы жар, асыл ана өмірге үш ұл, екі қыз әкелді. Бәрін үйлендіріп-жайландырып, 8 немеренің сүйікті әжесі атанды. Өмірден көрген-түйгені мол, халқымыздың салт-дәстүрін жадында ұстап, ұрпақ бойына сіңіре білді.

Жұмазия Кішкентайқызы, Жаныңыз жәннәта болып, рухыңыз пейіш төрінен орын алғай…

Жансая Елемесова




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!