Бурабайда жас ғалымдардың халықаралық форумы өтті | "Айғақ" ақпараттық порталы
zhas-alm-forum

Бурабайда жас ғалымдардың халықаралық форумы өтті

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қорының ұйымдастыруымен Бурабай курортты аймағындағы «TERRASSA PARK» емдеу-сауықтыру кешенінде жас ғалымдардың халықаралық форумы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Burabay Forum: Қазақстанның халықаралық ынтымақтастығы» тақырыбында өткен форумға Елбасы Қорының атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Талғат Ешенқұлов, Kazakh Tourizm ұлттық компаниясының жетекшісі Рашид Күзембаев, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Қанат Ыдырысов, ТМД және елімізден келген жас ғалымдар қатысты.

Форумда еліміздің еуразиялық кеңістіктегі болашағы айтылды. Сондай-ақ, туризм, ауыл шаруашылығы, ғылым мен мәдениет, физика және ғылымды қажет ететін технологиялар саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыта түсуге қатысты өз пікірлерін ортаға салды. «Келешекте ғылымды қай бағытта дамыту қажет, осы істе жас ғалымдардың рөлі қандай болмақшы?» деген сауалдар төңірегінде көптеген ойлар айтылды. Форумның өткізілуіне өткен жылы Елбасы Қоры мен Ақмола облысының әкімдігі арасында ынтымақтастық жөніндегі меморандум себеп болып отыр.

Айта кетейік, форум тамыз айының 8-і күні елордамыз — Астана қаласында басталып, онда бірқатар министрліктердің өкілдері, жоғары оқу орындарының ректорлары баяндама жасаған болатын. Келесі күні Бурабайда жалғасқан форумның пленарлық отырысында еліміздің түкпір-түкпірінен және шетелдерден келген зерттеушілер спикерлерге сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Жиынды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Қорының Алматы қаласындағы өкілдігінің директоры Сергей Тоқтаров ашып, жүргізіп отырды. Форум аясында өткен секциялық отырыстарда қатысушылар тәжірибелерімен бөлісуге мүмкіндік алды. Бурабайда жас ғалымдардың халықаралық форумы өтті.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Талғат Ешенқұлов бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне берген сұхбатында бүгінгі таңда ғылым саласын дамытуға елімізде зор көңіл бөлініп отырғандығын, мемлекетімізде жас ғалымдарды әлеуметтік қорғау жақсы жолға қойылғандығын айтып өтті. Оларға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен өткен жылы және биыл 120 пәтердің кілті тапсырылған екен. «Еліміздегі ғылымды дамыту, қаржыландыру жүйесі басқа елдерге қарағанда едеуір алда келе жатыр деп нық сеніммен айта аламын. Форумға шетелдерден келген меймандар біздің жүйемізді зерттеуге қызығушылық танытып отыр», — деді вице-министр Талғат Ешенқұлов. Форум соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етіліп, Бурабайдың көрікті жерлеріне саяхат ұйымдастырылды. Бурабайда жас ғалымдардың халықаралық форумы өтті Бурабайда жас ғалымдардың халықаралық форумы өтті Бурабайда жас ғалымдардың халықаралық форумы өтті Бурабайда жас ғалымдардың халықаралық форумы өтті




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!