«Айғақ»: Түркістан облысының бюджетіне түсетін түсімдер көлемі 4 млрд.теңгеге артты | "Айғақ" ақпараттық порталы
asha

«Айғақ»: Түркістан облысының бюджетіне түсетін түсімдер көлемі 4 млрд.теңгеге артты

Облыста 2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жергілікті бюджетке түсетін салықтар мен басқа да түсімдердің жоспары 62 159,6 млн.теңге болса, нақты түсім – 66 174,9 млн.теңгені құрап, 106,5%-ға немесе 4 015,3 млн.теңгеге асыра орындалды.

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда түсімдер 8 325,9 млн.теңгеге артқан. (2017 жылғы 1 шілдедегі жағдайға жоспар – 52 832,4 млн.теңге, нақты түскені – 57 849,0 млн.теңге).

Есепті кезеңге барлық аудан, қалалар бойынша жоспар артығымен орындалды.

Бюджеттің шығыстар бөлігінде жоспарланған қаржы көлемі 296 611,1 млн.теңгенің 296 267,5 млн.теңгесі игеріліп, 99,9%-ға орындалды. Шығыстар көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 23 063,0 млн.теңгеге артып отыр. 2017 жылы 273 204,5 млн.теңге игеріліп, 99,9%-ға атқарылған болатын.

Жалпы 2018 жылдың 6 айында игерілген қаржының 200 406,5 млн.теңгесі  немесе 67,6%-ы әлеуметтік салаға, оның ішінде 150 550,9 млн.теңгесі білім беру саласына, 18 703,3 млн.теңгесі әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыруға, 12 163,0 млн.теңгесі денсаулық сақтау саласына және мәдениет, спорт, туризм салаларына 18 989,2 млн.теңге жұмсалып отыр.

2017 жылдың қорытындысымен кәсіпорындардың жалпы табысы 1246,3 млн. теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда кәсіпорындардың пайдасы 1,7 есеге артып отыр.

Дайындаған: Айдар Дидар.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!