1 мамырдан бастап мектеп оқушылары қоғамдық көлікпен тегін қатынайтын болады. Бұл туралы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті XV сессиясында айтылды. Күн тәртібінде 9 мәселе қаралып, басқарма есептері тыңдалды. Жиналысқа қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, 5 аудан әкімі мен басқарма басшылары қатысты.
Сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті он бесінші сессиясында, күн тәртібіндегі 9 мәселе қаралды. Жиналысқа 23 депутат қатысып, 9 депутат белгілі себептермен қатыспады. Алғашқы Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов қала тұрғындарының жекелеген санатына қалалық қоғамдық көлікте жолақы жеңілдігін беру туралы баяндады. Жаңадан қабылданған шешімдер нәтижесінде 1 мамырдан бастап қоғамдық көліктерде мектеп оқушылары тегін қатынайтын болады.
Жиналыста Шымкент қаласы мәслихатының регламентін бекіту туралы, Шымкент қаласы мәслихаты аппаратының штат құрылымына өзгерістер енгізу, Есеп комиссиясы туралы шешіміне өзгерістер енгізу туралы, Шымкент қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы күнтәртібіндегі көтерілген мәселелерді депутаттар бір ауыздан қолдады. Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасы басшысының міндетін атқарушы Азат Исламов 2023 жылғы атқарылған жұмыстар мен 2024 жылға жоспарланған жұмыстарды баяндады. Жалпы шаһарда үй кезегінде 51 мыңнан аса азамат тұр. Басқарма басшысы кезекте тұрған азаматтарды тұрғын үй кезегі келгенше қамсыздарндыру, қолдау шараларына тоқталды. 2 негізде көмектер көрсетілген. Оның бірі тұрғын үй сертификаттарын беру және жалдау ақысын субсидиялару.
Кезекте тұрған азаматтар әсет кезегінің артында тұрған азаматтардың алғашқы болып үй алып жатқан түсінбейді. Осы олқылықтардың алдын алу үшін мәслихат төрағасы ұсыныс білдірді. Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков 2024 жылға бекітілген 3 индикаторға тоқталып жұмыс барысын бақылады. Мәслихат төрағасы Бахадыр Нарымбектов жер дауы шешілу үшін жасалып жатқан жұмыстарды сұрады. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен басқада санаттағы ардагерлерге төленетін сыйақы көлемін көтеру жайлы ұсыныс тастады.
Бетті дайындаған: Ақерке Құдайбергенқызы