Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайында 19-шы шілдеде танымал суретші Кәріпбек Күйіковтың 50 жылдық мерейтойына арналған «Жарты ғасыр – пол века» көрмесі ашылады, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Көрмеде 57 туынды ұсынылады. Олардың қатарында — «Первый взрыв», «Балқантау», «Автопортет», «Жамбыл Жабаев» және басқа да картиналар бар.
Кәріпбек Күйіков — қазақстандық суретші, 1968 жылы Семей облысының Егіндібұлақ елді мекенінде дүниеге келген. Қарағандыда мекен етеді. Халықаралық ядроға қарсы қозғалыстың белсендісі.
Кәріпбек Күйіковтың картиналары Америка, Жапония, Германияның жеке және мемлекеттік топтамаларында көрсетілген. Жапония, АҚШ, Германия, Түркия, Қытай және Қазақстанда туындылары көпшілік назарына ұсынылған. Күйіковтың картиналарының тақырыптары адамзатқа ядролық қауіп төнумен байланысты.
1989-шы жылы ол «Невада-Семипалатинск» қозғалысының құрамында АҚШ, Германия, Жапония және Түркияда болып қайтқан. Семейдегі ядролық полигонда сынақ жүргізуге қарсы шыққан.
2016-шы жылы ядролық қауіпсіздік бойынша Саммит барысында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ президенті Барак Обамаға Күйіковтың «Взрыв» картинасын сыйға тартты.
Көрменің ашылуы 19-шы шілдеде 11.00-де болады. Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайының мекенжайы: Ерубаев көшесі, 38.