astana

Назарбаев Астананың іргесін алғаш қалаған азаматтармен кездесті

Елбасы Астананың іргесін алғаш қалаған азаматтармен кездесті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысы шараға қатысушылармен әңгімелесіп, оларды елорданың 20 жылдығымен құттықтады. Қазақстан Президенті Астананы салуға және дамытуға атсалысқан тұлғалардың бәріне ризашылық білдірді. «Елорданың бүгінгідей дәрежеге жететініне көпшілік сенбеген еді. Баршаңызға алғысым шексіз. Сіздер қажырлы еңбек етпегенде, мен бұған қол жеткізе алмас едім. Сіздердің сіңірген еңбектеріңіз болашақ ұрпақтың жадында сақталады», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!