Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс өткен 33 сессиясында Шымкент қаласы әкімінің орынбасарлары мен әкім аппаратының басшысы тағайындалды.
Анықтама:
Еркеғали Әлімқұлов — 1981 жылы 6 маусымда туған. Білімі жоғары, мамандығы бойынша біліктілігі – заңгер, экономист, кеден қызметкері. Еңбек жолын 2003 жылы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің жетекші маманы болып бастады. 2007-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитетінің бөлім бастығы, Тауар нарықтарының мониторингі және талдау департаментінің басқарма басшысы, директордың орынбасары, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекциясының бастығы, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) Төрағасының кеңесшісі, Төраға Хатшылығының меңгерушісі, Төрағаның орынбасары қызметтерін атқарды. 2013-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы лауазымында болды. 2016-2017 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы. 2017 жылғы қаңтардан бастап – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аппараты Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. «Ерен еңбегі үшін» медалімен және бірқатар мерекелік медальдармен марапатталған.
ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары болып Қайрат Нұртай тағайындалды. Сонымен қатар, Шымкент қаласы әкімінің орынбасарлары қызметіне Гүлжан Құрманбекова, Нұрсадық Ергешов, Бауыржан Мамыталиев, Данат Жуминдер жайғасты.
Анықтама:
Қайрат Нұртай — 08.2004-06.2005 − ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің кадрлық қамтамасыз ету департаментінің маманы, жетекші маманы. Астана қаласы
07.2005-03.2006 − ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің мұнай өнеркәсібі департаментінің жетекші маманы. Астана қаласы
04.2006-11.2007 − ҚР Президенті Кеңсесінің аға сарапшысы. Астана қаласы
11.2007-02.2008 − ҚР Президенті Кеңсесінің бас сарапшысы. Астана қаласы
03.2008-07.2013 − ҚР Президенті Кеңсесінің консультанты. Астана қаласы
07.2013-03.2014 − ҚР Президенті Кеңсесінің сектор меңгерушісі («А» корпусы). Астана қаласы
03.2014-02.2015 − ҚР Президенті әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы. Астана қаласы
02.2015 жылдан бастап Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарып келді.
Суретте: Гүлжан Құрманбекова
13.12.1982 ж.-07.06.1983 ж. — Шәуілдір ауданы өндірістік жолаушылар көлік транспортының кассирі
05.08.1987 ж.-08.07.1992 ж. — Қызылқұм аудандық қаржы бөлімінің кіріс есебінің бас тексеруші-инспектор
13.07.1992 ж.-14.01.2004 ж. — Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық қаржы бөлімінің бас маман-бас экономист
14.01.2004 ж.-07.04.2004 ж. — Оңтүстік Қазақстан облысы білім департаментінің бас маманы
07.04.2004 ж.-19.01.2005 ж. — Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары
19.01.2005 ж.-10.09.2007 ж. — Шымкент қаласының қаржы бөлім меңгерушісінің орынбасары
01.09.2007 ж.-02.02.2010 ж. — Шымкент қаласының қаржы бөлімінің бастығы
02.02.2010 ж.-10.05.2012 ж. — Шымкент қаласының экономика және қаржы бөлімінің бастығы
05.2012 жылдан бастап Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып еңбек етті.
Суретте: Данат Жумин
Мемлекеттік қызмет туралы заңға және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымының жекелеген мәселелері туралы» Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың шешімімен қала әкімінің орынбасары болып Данат Жумин тағайындалды.
Данат Жумин Ресей, Украина және АҚШ елдерінде саяси коммуникация саласында тәжірибеден өткен. БҰҰ жанындағы Жас көшбасшылардың дүниежүзілік саммитінде Қазақстанды таныстырды. Жеке кәсіпкерлікпен айналысқан. Маркетинг, жарнама, PR және IT саласындағы бірнеше табысты бизнестің негізін қалады. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі–хатшылықтың басшысы болған. Нью-Йорк кино өнері академиясында сахналық курсты бітірген.
Еңбек тәжірибесі: республикалық студенттік жастар ұйымының жетекшісі (2002-2007 жж), Мемлекеттік басқару саласы (2009-2011 жж), «Мемлекеттік қызмет персоналын басқару ұлттық орталығы» АҚ департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ректоры кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының дипломатия институты директорының орынбасары.
Мемлекеттік басқару реформасы жөніндегі Еуропалық комиссияның ұлттық сарапшысы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі кеңсесі басшысының штаттан тыс кеңесшісі; Жарнама, маркетинг және PR саласындағы бизнес (2011-2013 жж); «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі-хатшылықтың басшысы (2013-2014 жж), Шымкент қаласы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі (02.09.2015 ж бастап), «Нұр Отан» партиясының саяси жұмыс департаментінің директоры.
Мемлекеттік қызмет туралы заңға және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымының жекелеген мәселелері туралы» Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың шешімімен қала әкімінің орынбасары болып Бауыржан Мамыталиев тағайындалды.
Бауыржан Жаймұрзынұлы МВА дәрежесіне ие, сондай-ақ экономика және заң маманы. Мемлекеттік органдарда, қаржы жүйесінде, ұлттық компания, ірі жекеменшік компанияларда жауапты қызметтерді атқарған. «Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ төраға орынбасары, төраға қызметтерін атқарған.
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалғанға дейін «Staier group» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы, «Baikadam-Holding» компаниясының бақлыау кеңесі тобының мүшесі қызметтерін атқарды
Мемлекеттік қызмет туралы заңға және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымының жекелеген мәселелері туралы» Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың шешімімен қала әкімінің орынбасары болып Нұрсадық Ергешбек тағайындалды.
Нұрсадық Ергешбекұлы еңбек жолын 1993 жылы «Дамет» сақтандыру қоры филиалының директоры болудан басталған. 1998 жылы — «Энергоснабгрупп-2030» ЖШС бас директоры, 2003 жылы — «Түркістан энерго» ААҚ директорының орынбасары, 2004 жылы — «3-Энергоорталық» АҚ директорының орынбасары, 2005 – «Центра Азия Цемент» ЖШС директоры, 2014 жылы — «Корпорация Евразия» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы болып істеді.
Ал 2017 жылдан бүгінгі таңға дейін «Қуатжылуорталық» МКК директоры болып қызмет атқарған.
Нұрсадық Ергешбекұлы еңбек жолын 1993 жылы «Дамет» сақтандыру қоры филиалының директоры болудан басталған. 1998 жылы — «Энергоснабгрупп-2030» ЖШС бас директоры, 2003 жылы — «Түркістан энерго» ААҚ директорының орынбасары, 2004 жылы — «3-Энергоорталық» АҚ директорының орынбасары, 2005 – «Центра Азия Цемент» ЖШС директоры, 2014 жылы — «Корпорация Евразия» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы болып істеді.
Ал 2017 жылдан бүгінгі таңға дейін «Қуатжылуорталық» МКК директоры болып қызмет атқарған.