Павлодар облысында Баянауыл ауылдық округының аға сұлтаны, этнограф және ағартушы Мұса Шормановтың 200 жылдығына арналған мавзолейдің құрылысы басталды, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.
«Егер мәселенің қаржы жағы өзінің шешімін табатын болса, біз М.Шормановқа арналған музейді ашуды жоспарлап отырмыз. Бүгінде М.Шормановтың танымал өкілі Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың тікелей қолдауымен мавзолейдің құрылысы басталды. Бұдан басқа, қаржылай көмекті танымал кәсіпкерлер – Қобыланбек Қожин, Қарлығаш Әубәкіров, Ғаббас Бектұров, Жұмабек Қамзин, Абызбай Адамов, Мұса Шормановтың ұрпағы Софья Байниязова, Саяш Ахметов көрсетті. Мавзолей ұлутастан салынады, жақын арада Маңғыстау облысынан екі вагон ұлутас жеткізіледі», — деді бастамашыл топтың мүшесі, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеттің (ПММУ) ректоры, профессор Алтынбек Нұхұлы бейсенбіде.
Сонымен қатар, ол атап өткендей мавзолей «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында салынуда. Ол М.Шорманов туып өскен Баянауыл ауданы Тендік ауылынан 1 шақырым қашықтықта салынады.
«Құрылыс жұмыстарына оның жерлестері де белсенді атсалысуда. Ауданда М. Шормановтың туыстары қойылған зиратты абаттандыру жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
М. Шормановтың үйі мен қазақ-орыс тілі мектебінің орнына арнайы белгі қойылады.
Мемориалды тас М.Шормановтың ұлы – Садуақастың басына қойылады, ол да белгілі ағартушы және ел арасында өзінің игі істерімен сыйлы болған», — деп баса айтты А. Нұхұлы.
Атап өтсек, М. Шорманов 15 жыл бойы Баянауыл сыртқы огкругының аға сұлтаны болған. Оның арқасында аймақта алғашқы қазақ мектептері ашылды және болашақта елімізге танымал ғалымдар мен әйгілі өнер қайраткерлерін сыйлады. М. Шормановтың аты оның замандастары, Петербордағы Ресей География қоғамының мүшелері арасында танымал болды. 1881 жылы М.Шорманов қазақ ұлттық өнерінің экспонаттарын Мәскеудегі Жалпыресейлік өндіріс жәрмеңкесінде ұсынды. 1965-1968 жылдары түрлі мәскеулік жәрмеңкелер мен париж қауымының назарына асыл тұқымды жылқыларды таныстырды.