Тарихтың сабағын ұмытпау – ұрпақтың мәңгілік парызы. Атын әлемге әйгілеген Қазақстанның алдағы міндеті экономикасы дамыған 30 елдің қатарына ену. Бұл жолда барлық саладан өн бойы озық тұруымыз абзал. Осы тұста, туризмнің алар орны ерек. Сондықтан болар, бірлік пен берекенің бастауы болған алқалы жиын Созақ төріндегі Қарабура кешенінде еліміздің түкпір-түкпірінен азаматтардың басын қосты. Дара тұлғалардың есімі ардақталып жазылған пантеон, сопылық ілімнің негізін жалғастырушы Қарабура әулиедегі басқосу – киелі орынның маңыздылығын аша түсіп, қасиеті қонған бұл күні шекаралас шетел меймандарын да бауырына жиды.
Салтанат Тойболова