Осы жылдың басынан Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде «Өзгерістерді өзіңнен баста» атты кіші бағдарлама қолға алынған. Соның аясында агенттіктің қызметкрелері үшін икемді жұмыс кестесі енгізілмек, деп хабарлайды Baq.kz .
«Агенттік бірқатар жобаларды іске асырып жатыр. Олардың бірі икемді жұмыс уақыт кестесін белгілеуді көздейді. Жобаның мақсаты агенттік аппаратының қызметкерлері үшін оңтайлы жұмыс күн тәртібін құруды көздейді. Жоба нәтижелі болған жағдайда бұл тәжірибе басқа мемлекеттік органдарға, әсіресе ірі қалаларда орналасқан мемлекеттік органға таратылады», — деді Шыңғыс Төрегелдин.
Оның айтуынша, агенттік қызметкрелері арасында жүргізілген сауланама нәтижесі бойынша осы жұмыстар атқарылады.
«Талдау нәтижесіде қызметкерлеріміздің 70%-і еңбек тәртібін өзгерту қажеттігі туралы мәлімдеген. Бірінші кезекте бұл жұмыс күінінің басталу уақытына байланысты болып отыр. Кішкентай балалары бар агенттіктің қызметкерлері жұмыс күнін белгіленген уақыттан кеш бастау мүмкіндігін беру туралы тілектерін айтты. Аталған мәселе жұмысқа жету процесі біршама уақыт алатын қала шетінде және қала ішінде алыс аймақатрда орналасқан қызметкерлер үшін де өзекті болып отыр», — деді Төрегелдин.
Агенттік қызметкрелерінен сауалнама алу кезінде түскі үзіліс уақытының ұзақтығын өзгерту туралы тілектер айтылған.
«Сіздер білетіндей қолданыстағы тәртіп бойынша түскі үзіліс уақыты 1,5 сағат. Ал қызметкрелер мысалы спортпен, музейге бару немесе отбасылық-тұрмыстық мәселелерді шешуге белгіленген уақыттың жеткіліксіздігінен түскі үзіліс уақытында жеке дамумен айналысуды қалайтыны көрінді. Осыған байланысты пилоттық режимде түскі үзіліс уақыты жарты сағатқа ұзартылатын болады. Мектепке дейінгі және бастаушы сыныпта оқитын балалары бар агенттік қызметкерлері үшін жұмыс күінінің басталуын сағат 9:30-ға белгілеуді ұсынамыз. Түскі үзілісті өзгертуді қалаған қызметкерлері бар қызметтер үшін жұмыстың басталу уақыты өзгертілмейді. Түскі үзілістің 14.30-дан 15.00-ге дейін ұзартылуын ескере отыырп, жұмыс күні 19.00-де аяқталады», — деді ол.