Бүгінгі бала – еліміздің ертеңгі маманы. Ол XXI ғасырда бәсекеге қабілетті әрі табысты болуы үшін еңбек нарығында сұранысқа ие болуы қажет. Біздің қазіргі кезде балаларға үйретіп жүргеніміздің барлығы, атап айтқанда, оқу- жазу дағдылары, математика, қаржы, мәдениет және азаматтық сауаттылық, ақпараттық коммуникациялық технологиялар – бәрі де күнделікті тұрмыстың қарапайым мәселелерін шешуге ғана мүмкіндік береді. Өзгермелі өмір болса, адамның күрделі тапсырмаларды орындай білуін талап етеді. Шардара ауданында қабілет қалыптастыру үшін оқушыларға классикалық білім берумен қатар, сыни, шығармашылық ойлауға, топ ішінде жұмыс жасауға үйрету жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Балалардың бойына білім құмарлық, ынталылық, табандылық, көшбасшылық қасиеттерді, әлеуметтік және мәдени сапаларды сіңіру қажет. Осының барлығы классикалық біліммен бірге жаңартылған орта білім мазмұнына енген. Елімізде жаңартылған оқу бағдарламаларын әзірлеу және сынақтан өткізу бойынша ауқымды жұмыстар да Шағалалы аймақта жүргізілуде.
Балнұр ЖАНЫСБАЕВА.