Мұндай сөздер XV Еуразиялық Медиа Форумның соңғы 7-ші мәжілісінде айтылды. Халықаралық маңызы бар алқалы жиынның соңғы отырысы «Құндылықтар эволюциясы: Жаңа тұжырымдаманы кім қалыптастырды?» атты тақырыпта өрбіді.
Қоғам қайраткері, саясаткер, Ресейдің белгілі журналисі, спикер Ксения Собчак: «Мен гендерлік теңдікті екі қолдап қолдаймын. Дегенмен, әлі күнге дейін әйел затына деген көзқараста, қарым-қатынаста білінбес шыны қабырға бар екені анық», деді өзінің пікірінде.
ХХ ғасырдағы «еркін махаббаттан» қазіргі заманғы біржыныстылар некесіне дейінгі соңғы сексуалдық революциялар қоғамның моральдық эволюциясын байқатады. Жыныстық қатынасқа көзқарас тіпті арзандады. Адами құндылықтың азғындауы етек жайды. Біз саясат пен шоу-бизнес сахнасында, бұқаралық ақпарат құралдары мен заң саласында эволюцияның байқаусыз салдары болып жатқанын көріп отырмыз. Ата-бабаларымызға тым қатал болып көрінген әдет пен іс-әрекет — бүгінгі тұрғыдан алғанда тіпті үйреншікті.
«Моральдық құндылықтар мен өзінің тәуелсіздігі үшін тек әйел заты ғана емес, кезінде аафрикаамерикандықтар да өздерінің теңдігі үшін күрескен болатын. Бірақ, айырмашылығы олар өздерінің теңдігіне, абыройына, құндылықтарына қол жеткізсе, әйел заты өзінің абыройы үшін, теңдігі үшін күрескеннің өзінде сайып келгенде бәрібір кінәлі болып қалады», деп ашынды журналист К.Собчак.
Міне, қоғам қайраткері осы бір қалыптасып кеткен үрдістің сағын сындыруды ұсынды. Адамзаттың даму барысында жаңа сатыға өтуі қоғамдағы құндылықтарды қайта бағамдауға әкеп соқты.
Отырыс барысында «БҰҰ-әйелдер» құрылымының Қазақстандағы өкілі Илейн Конкиевич, «Lentera Sintas Indonesia» компаниясының негізін қалаушыларының бірі және маркетинг директоры, Оңтүстік-Шығыс Азия Көшбасшылық академиясының басқарма мүшесі де Ксения Собчактың айтқан пікірлеріне толығымен келісетіндігін жеткізді.
Ұлжан Наушабаева,
Алматы.