12

Оңтүстікте Қазақстан-Өзбекстан бизнес-форумы өтті

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында іскерлік қарым-қатынасты дамыту мақсатында Қазақстан-Өзбекстан бизнес-форумы басталды. Форум барысында алғаш рет Іскерлік Кеңестің бірінші кездесуі болып өтті. Форум жұмысына екі елдің елшілері Ерік Өтембаев пен Саидикрам Ниязходжаев, ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев, Өзбекстан Республикасының сыртқы сауда министрінің орынбасары Сохиб Саифназаров, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, Өзбекстандағы сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Адхам Икрамов пен 400-ден астам қос елдің кәсіпкерлері қатысты.

Іскерлік жиында сөз алған облыс әкімі Ж.Түймебаев бүгінгі басқосу бауырлас елдердің сауда-экономикалық ынтымақтастығының артуына мүмкіндік беретінінін атап өтті. «Қазақстан мен Өзбекстан – өздерінің тәуелсіздіктерін нығайтып, болашаққа батыл қадам жасап келе жатқан мемлекеттер. Өткен жылдарда қос тараптың дипломатиялық қатынастары өзара сенімге негізделе отырып дамыды. Бұл бағыттағы жұмыстар бүгінде жаңаша қарқын алып, уақыт талабына сай жалғасын табуда. Өзбекстан Республикасы Орталық Азиядағы Қазақстанның негізгі стратегиялық әріптестерінің бірі болып табылады. Мәселен, өткен жылы екіжақты сауданың көлемі 30 пайызға артып, 2 миллиард АҚШ долларын құрады. Ал екі елдің көшбасшылары биылғы жылы сауда айналымын 3 миллиард долларға арттыруды, 2020 жылға қарай 5 миллиард АҚШ долларына дейін ұлғайтуды тапсырды. Сондықтанда қазіргі таңда екі елдің кәсіп¬кер¬леріне нақты қолдау көрсету маңызды. Бүгінгі іс-шара осы айтылған міндеттемелерді жүзеге асыруда септігін тигізері анық. Бұл өзара ынтымақтастыққа және екі ел арасындағы берік бауырластық қатынастарды орнатуға бағытталған тағы бір қадам»,-деді облыс әкімі.

ОҚО Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен өткен форум барысында тараптар бірлескен бизнес жобалар мен инвестициялық ұсыныстар жайында ынтымақтастықты дамытуды сөз етіп, экспорт пен импорт бойынша үшінші елдерге кіру жайын талқылады. Бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облысы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы сауда-экономикалық қатынас қарқынды дамып келеді. Мәселен, 2017 жылдың қорытындысы бойынша екі елдің тауар айналымы 11,7 пайызға артты. Ал осы жылдың соңғы үш айының көрсеткіші бойынша ОҚО мен Өзбекстан арасындағы тауар айналым 125,7 млн. АҚШ долларын құрап отыр. Сонымен қатар, Оңтүстіктен Өзбекстанға 73,1 млн.АҚШ доллары болатын өнім экспортталса, ол жақтан бізге 52,5 млн. АҚШ.доллары көлеміндегі тауар импортталған.

Бүгінгі форумның басты идеяларының бірі өнімдерді ең ірі әлемдік нарықта, соның ішінде Қытай мен ЕЭО-да бірлесіп шығару және жылжыту болып табылатынын айтқан ОҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Асқар Әбубәкіров аймақтық ынтымақтастық форумын тұрақты негізде өткізу туралы ұсынысын жеткізді. Ал аталған ұсынысты Өзбекстан тарапы бірауыздан қолдады.

Айта кетейік, қазіргі уақытта ОҚО-да өзбек капиталымен инвестициялық жобалар іске асырылуда. Мысалы, өткен жылы Бадам индустриялық аймағында газ плиталарын өндіру бойынша цех ашылды. Бұдан басқа, Шымкенттегі индустриалды аймақта инвестиция көлемі 8,6 млн.АҚШ. доллар болатын битум зауыты салынып жатыр. Оңтүстік Қазақстанда осындай жобаларды жүзеге асыру үшін жалпы ауданы 959 га қамтитын 11 индустриалды аймақ, сондай ақ «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақ пен Көлік және логистика аймақтары бар.

Бизнес-форум кезінде екі ел кәсіпкерлерініӊ қатысуымен В2В форматында келіссөздер жүріп, бірқатар бағытта іскерлік әріптестікті дамыту мақсатында екі жақты құжаттарға қойылды. Қатысушылар өзара іс-әрекеттер жақын болашақта өз нәтижесін береріне сенім білдірді. Сонымен қоса форумға қатысушылар отандық тауар өндірушілер ұсынған өнімдер көрмесін тамашалады.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!