Қазақстан мектептері үшін үш баспа ағылшын тілінде оқулықтар мен әдістемелік кешендерді дайындап жатыр, деп мәлімдеді парламент мәжілісінің бір топ депутаттарының сауалына жауап берген ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев.
«Жол картасына сәйкес «Астана-ютап», Express Publishing, Oxford University Press баспалары ағылшын тілінде оқулықтар мен ОӘК әзірлейді», — делінген сәрсенбіде Б.Сағынтаевтың жауабында.
Премьер нақтылағандай, 2017-2018 оқу жылында оқулықтар мен ОӘК, көмекші құралдар мен басқа қосымша әдебиет тізіміне енгізілгендер: «Астана-ютап» баспасы әзірлеген (барлығы 12 аталым) 8 класқа арналған «Биология», «Физика», «Химия» және «Информатика» пәндері бойынша оқулықтар; 8 класқа арналған «Биология», «Химия» және «Физика» пәндері бойынша ағылшын тіліндегі оқу әдебиеттері, әзірлейтін Express Publishing баспасы; 10 кластар үшін ағылшын тілінде «Химия» пәні бойынша жаңартылған мазмұндағы оқулық, Oxford University Press баспасы әзірлеген.
«Қазіргі таңда оқулықтар 29 мектепте апробациядан өтуде. Қосымша әдебиет ретінде тізімде ЖҒБ (жаратылыстану-ғылыми бағыт- ҚазТАГ) пәндері бойынша жоғары кластар үшін ағылшын тіліндегі халықаралық стандартқа сәйкес Cambridge University Press, Macmillan Publishers баспалары әзірлеген оқулықтар мен ОӘК енгізу рұқсат берілген.
Сонымен қатар, 2017 жылы ЖҒБ қалған пәндері бойынша «Bilim Media Group» ЖШС әзірлеген ағылшын тіліндегі цифрлы оқыту ресурстарын пайдалану рұқсат етілген. Оқулықтар мен ОӘК сапасын қамтамасыз ету мақсатында қазіргі таңда оларды сараптамадан өткізу мен іріктеудің 5 қадамдық жүйесі (ғылыми және педагогикалық сараптама, апробация, қоғамдық бағалау, пәндік комиссияда қарау, Республикалық комиссияда қарау)», — деді министрлер кабинетінің басшысы.
18 сәуірде бір топ мәжілісмен ҚР премьер-министрі Б.Сағынтаевқа қазақстандық мектептердің үш тілділікке көшуі турасында сауал жолдады. Сауалда олар оқулықтармен қамту мәселесінің өзектілігін айтқан. Сауалда олар құзырлы органның назарын кітаптардың мазмұнына аудару қажеттілігін айтқан, сондай-ақ «оқулықтардың мазмұны мен сапасына қатысты қоғамдық резонансты ескеру» керектігін айтты. Депутаттар үш тілде білім беруді енгізуде бірқатар қателіктер мен ескерілмей қалған жайттардың барын атап өтті.