Мектеп директорлары мен балабақша меңгерушісі конкурспен тағайындалды | "Айғақ" ақпараттық порталы
01

Мектеп директорлары мен балабақша меңгерушісі конкурспен тағайындалды

Шымкентте ашық конкурс нәтижесінде 2 мектеп директоры және 1 балабақша меңгерушісі тағайындалды, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Конкурс қаладағы Қ.Сыпатаев атындағы №7 мектеп-лицейі, Титов атындағы №20, Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназия директорлары мен №49 «Жасұлан», №50 «Нұр-бөбек» бөбекжай балабақшаларының меңгерушісін тағайындау мақсатында өткізілді.

   

Конкурсқа мектеп директорлығынан 11 үміткер, меңгеруші лауазымынан 15 үміткер қатысты. Бұл үміткерлерге қойылған талап қатаң болды. Олар ең алдымен ұжымды басқару әдісін көрсетіп, комиссия мүшелеріне дәлелдеу қажет еді.

   

Конкурс нәтижесінде №7 мектеп-лицейге Раушан Әлмаханова, №20 мектепке Дәрмен Дана директор болып тағайындалды. №50 «Нұр-бөбек» балабақшасының меңгерушісі лауазымына Айдана Сыдықова лайық деп танылды. Ал №64 мектеп директоры мен №49 балабақша меңгерушісін тағайындау мақсатында тағы да конкурс өткізу туралы шешім қабылданды.

Мұндай шешімді қала әкімі төрағалық еткен комиссия мүшелері ғана емес, мектептер мен балабақша ұжымдары, ата-аналар комитетінің өкілдері бірге қабылдады.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!